Кәмпеске. Сейсен Мұхтарұлы

Кәмпеске. Сейсен Мұхтарұлы

Кәмпеске. Сейсен Мұхтарұлы. “Жалын” баспасы, 1997 жыл.

Бірінші кітап. Көптомдық тарихи-анықтамалық басылым.

Бұл басылым — “КӘМПЕСКЕ” атты көптомдықтың Бірінші кітабы. Кітап мемлекеттік “Жалын” баспасы мен Қазақстан Республикасы Мұрағат және құжатнама Бас басқармасының қолдауымен жарық көріп отыр.
Деректі шығарма күні бүгінге дейін “құлыптаулы” қалпы қозғаусыз жатқан кіре-кіре архивтік құжаттардың тікелей түпнұсқасы негізінде даярланғанымен, тақырыптары мен тараулары, бөлімдері мен бөліністері бірімен-бірі біте қайнасып кеткен бір кесек тұтас дүние. Сырт көзге негізгі желі Голощекин кезеңіндегі Ұлы кәмпеске науқаны секілді болып көрінсе де, мұнда мәдени мұраға, жер мен суға, мал мен мүлікке катысты бұрынды-соңды отаршыл ел тарапынан жүргізілген кәмпескелік шаралардың бәрі дерлік назардан тыс қалмаған.
Бірінші кітапта екі мыңнан астам бауырымыздың қарама-қайшылыққа толы қасіретті тағдыры сөз болады. Алаш азаматтарын “тәркілеуші”, “тәркіленуші” деп бөліп-жармай, айыптаушыларды арандату саясатының тұзағына аңғалдықпен түскен жандар тұрғысында тарқатып талдағандықтан, басылым қызыл қырғынға ұшыраған исі қазақтың әруағын тербейтін халықтың қаралы шежіресі болып шыққан. Кітаптың көтерген жүгі, көздеген мақсаты алты арыс ұрпағын бей-жай қалдырмас деген ойдамыз.

©️ Мұқтарұлы Сейсен.
Алматы. 1997

Бексұлтан Нұржекеұлы. Кәмпескенің шын беті
Басылымның құрылымдық жүйесі мен Бағыт-бағдары
Кәмпеске науқанына қатысты қаулы-қарар төңірегіндегі әңгіме Ақмола аймағы
Ақмола өкірігі бойынша тәркіленген қазақтардың хал-ахуалы
жайлы Анықтамалық көрсеткіш
Ақмола бойынша Дәйектемелік шолу
Үйшік аймағы
Анықтамалық көрсеткіш
Дәйектемелік шолу
Қызылжар аймағы
Анықтамалық корсеткіш
Дәйектемелік шолу Кереку аймағы
Анықтамалық көрсеткіш
Дәйектемелік шолу
Анықтамалық көрсеткіштер мен Дәйектемелік шолуларға түзету
Арыз- естеліктер
Кәмпеске науқанының насихаты мен бүгінгі таңның насихатына
сабақтас мәселелер
Ілияс Жансүгірұлы. “Кәмпеске”. Поэма-толғау
Бірінші кітапқа Қысқаша тұжырым
Бағдарлама

Кәмпеске. Сейсен Мұхтарұлы. PDF ⇓