«Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті бірлесіп шығарған «Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті.
Шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы болды.
Монография басылып шыққан «liber» баспасының директоры Анесов Орынбек Сайфуллаұлы кітапта пайдаланылған мультимедиялық құралдардың ерекшеліктерімен таныстырды.
Сөз сөйлеген қонақтар: Ғарифолла Әнес, Мұхтарова Гүлмира Райылқызы, Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, Жансүгірова Лейла Болатқызы, Жүнісова Гүлнұр Сағындыққызы, Балтабаева Күлғазира Нұранқызы, Ходжикова Сауле, Жакишева Сауле Әукенқызы.
Ұжымдық монография археологтардың, тарихшылардың, архившілердің, криминалистердің, сот-медициналық сарапшылардың, генетиктердің далалық (археологиялық), архивтік және зертханалық зерттеулерінен, сондай-ақ қуғын- сүргін және Үлкен террор кезеңінде зардап шеккендердің естеліктері мен тағы басқа да материалдардан тұратын ғылыми ізденістерді құрайды.
Кітаптың негізгі бөлігі сот археологиясы мен антропологиясы материалдарынан тұрады.
Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға тиесілі генетикалық талдаулар нәтижелері (шамамен 50 адам) Қосымшаларда берілген.
Ұжымдық монографияда келесі мәліметтер көрсетілген және ол интерактивті қосымшалардан (QR коды) тұрады:
- — бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы және т.б. туралы аудиоматериалдар;
- — қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың генетикалық талдауларыныңнәтижелері (шамамен 50 шақты адам);
- — Қазақстандағы қуғын-сүргін, мамандардың атқарған жұмыстары және т.б. туралы бейнефильмдер.
Басылым ХХ ғасыр тарихының мәселелерімен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына, жас ғалымдарға, докторанттарға, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, орта білім беру ұйымдарының ұстаздары мен оқушыларына арналған.