Фараби елі. Абдулла Жұмашев
Жұмашев А.
Ж 81 Фараби елі. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2024. – 504 б. + 32 бет түрлі түсті
жапсырма.
Маңғаз Ұлы Далада, қасиетті Қазақ қиырында киелі жерлер аз емес. Соның бірі және бірегейі – Отырар. Тарихы тылсымға толы көне Отырар өңірінің өткені мен бүгінін танып-білу, қастерлеу әрбір Алаш баласына парыз.
«Музей-адам» атына лайықты жанкешті жан Абдулла Жұмашевтің бұл еңбегінде өлкеден жинақталған қолданбалы ұсталық бұйымдарының, егіншілікке тұтынатын құдық, шығыр, су диірмені және басқа да заттай музей жәдігерлерінің сыр-сипаты, өлшем-көлемі олардың жасалу технологиясымен қоса өріліп баяндалады.
Сондай-ақ «Фараби елі» атанған кітапта атауына сай ғасырдан ғасырға жеткен рухани мұралар – мешіт-медреселер, әулие ұстаздар, көне қолжазба һәм тасжазба кітаптар, діни сарынды туындыларымен қалың жұртты тәрбиелеген ақындар мен ағартушылардың қилы тағдырлары да кеңінен сөз болады.
Өлкетанушылық еңбек аудан орталығындағы жалғыз-дара Руханият музейінің жәдігерлері арқылы оқырманды тарих тереңіне бойлатуымен, материалдық мұраларды қолмен ұстағандай танытуымен құнды.
Кітап қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қызығушыларға, музейтанушылар мен өлкетанушыларға және қалың көпшілікке арналған.