Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент екі сүйінші хабар айтты

Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент екі сүйінші хабар айтты
Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент екі сүйінші хабар айтты. Бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың өлеңмен жазылған шығармасының табылғаны, екіншісі – Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құранының табылғаны. Бұл үлкен жаңалық екен.
Сыртта біз үшін қасиетті тағы екі Құран бар. Бірі – Британ музейіндегі (Ұлыбритания) Бейбарыс сұлтанның жасатқан Құраны. Екіншісі – Әмір Темір музейіндегі (Өзбекстан) Хазіреті Османның (р.а) өз қолымен жазған Құраны.
Қазан төңкерісі кезінде бұл Құранды сақтап қалған Алаш арысы Жаһанша Досмұхамедұлы болатын. Жаһаншаның атсалысуымен 1917 жылдың соңында Османның (р.а) Құраны алдымен Уфаға, кейін Ташкентке жеткізілген. Осы Құрандар да қазақ жеріне жеткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді…
Суретте: Бейбарыс сұлтанның Құраны

Серікбол Хасан