КҮЙ АНАСЫ ДИНА

КҮЙ АНАСЫ ДИНА: Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. – 376 бет.

Қазақтың халық композиторы және дәулескер күйшісі Дина Нұрпейісованың (1861 – 1955) қайталанбас дүлдүл шығармашылығы соңғы жылдарда күллі түркі өркениетінің шамшырағы ретінде әлемге кеңінен таралып, насихатталуда.
Қолдарыңыздағы кітапта бұған дейін баспа бетін көрмеген архивтік деректер, Динаның күйшілік мектебі, жазылып алынған күйлері, әр жылдары шығарылған 20-ға жуық классикалык авторлық күйлерінің тарихи-музыкалық сипаттамасы беріліп отыр.

Жинақ қазақ өркениетіне қызығушы, саз қадірін білер өнерсүйер қауымға арналған.