ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ Х. АДАМНЫҢ ТӘН ТІРЛІГІ
Досмұхамедұлы Х. Адамның тән тірлігі/Құраст. проф. Ғ.Әнес. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2019. – 320 бет.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883 – 1939) «Адамның тән тірлігі» атты оқулығы ХХ ғасырдың басында араб қарпімен жарық көрген ғылыми- педагогикалық мұралардың бірегейі. Араға ғасыр салып қайтадан ортамызға оралған, төлтума анатомия ғылымымыздың бастау-көзінде тұрған, әлі де өзіндік ғылыми және танымдық мән-мағынасын жоймаған бұл алғашқы қазақ оқулығы бүгінгі жоғары мемлекеттік мәртебеге ие тіліміздегі адамның тән тірлігіне қатысты пән сөздердің қалыптасу тарихын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге жаңа терминдердің пайда болуына да негіз болары сөзсіз.
Кітап ана тіліміздің бүгінгі жай-күйі мен болашағына бейжай карамайтын қалың оқырманға арналады.