БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫ ЖЕТІСУДА

БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫ ЖЕТІСУДА

Аннотация

Мақалада 1915 жылы Жетісу жерінде әскери тұтқында болған неміс және австро-венгрия әскерлерінің жол жөндеу жұмыстарына тартылуы мұрағат құжаттары негізінде жазылып, олардың құжаттарда сақталған фото суреттері алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.

Түйін сөздер: Соғыс тұтқындары, Соғыс, Әскер, Неміс, Австро-Венгр, Түркістан өлкесі, Жетісу.
Биыл адамзат тарихындағы алапат соғыстардың бірі бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына ғасыр толып отыр. ХХ ғасыр басындағы осы соғыс өрті де Қазақстанды айалып өткен жоқ. Соғыс ауртпалығы ел экономикасына да өз ауртпалығын әкелді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа тартылуы, Қазақстан халқының жағдайына ауыр соққы болып тиді, салықтардың мөлшері арттырылды. Қазақ халқына «өз еріктерімен қаржы жинау», мемлекеттік заемдарды күштеп жаздыру және соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар мен баж салығын төлеу міндеттелді. Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түліктік өнімдерін мемлекет керегіне еріксіз алу жалғасып жатты, соғыс жүктерін (негізінен астықты) теміржол станцаларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін өздерінің ықтиярынсыз жұмылдырды. Соғыс уақытында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. сомның малдары мен мал шаруашылығы өнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына көмек көpceтy желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, яғни қазақтар жұмыс күші ретінде қоныс аударған деревнялардың жерлерін жыртып, тұқымын сеуіп және өнімін жинап беруге тиісті болды. Соғыс жылдарында егістік көлемі, мал саны қысқарып кетті, ұлттық-отарлық езгі күшейе түсті. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі ушықтырды, қоныс аударғандардың басшы топтарын қаруландырып отырды [1, с. 628].

Мақала толығымен →

Дереккөз: https://edu.e-history.kz/kz/publications/view/148