Қазақстандағы «бес масақ» заңы: 1932-33 жж. сот органдарының жазалау шараларының тәжірибесі

Қазақстандағы «бес масақ» заңы: 1932-33 жж. сот органдарының жазалау шараларының тәжірибесі

(ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Саурыкова Жанар Сансызбаевна

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан. E-mail: zhanarsaurykova@mail.ru

ТүйіндемеМақалада 1932 ж. 7 тамызда Ортатком мен КСРО ХКК «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті қорғау туралы» қабылдаған қаулысының негізінде сталиндік репрессиялық саясаттың ауылдық жерлерде шаруаларға қарсы жаппай жүргізілгендігі
қарастыралады. «Социалистік меншікті қорғау туралы» заң немесе халық арасында «Бес масақ» атанған Заңның аясында колхоз меншігін талан-таражға салғаны үшін, алқапта жасырын егін бастырғандарға ату жазасына дейін жазалау шаралары кеңінен қолданылды. Автор Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің жарияланбаған және құпия грифі бар құжаттары негізінде осы заңды талдай отырып, ашық бұрмаланушылықпен шаруаларды, бай-кулактарды қудалап, тәркіленген мүлікті иемдену ең үлкен алапатқа алып келгенін көрсетеді. «Бес масақ заңына» сәйкес «Социалистік меншікті ұрлаушының» ісін қарауда және орындауда арнайы «Жәрдем топтары» құрылғандығы қамтылады.

Мақала толығымен →

Дереккөз: https://otan.history.iie.kz/main/article/view/18/11

№ 4 (2020): Отан тарихы