Қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етілмек
Жыл соңына дейін саяси қуғын сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етілмек. Бұл туралы бүгін Президентке Алматыдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі айтты. 2 жыл бұрын ашылған орталыққа жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурада құпия түрде сақталған құжаттар тапсырылған. Қазір мамандар соларды қалпына келтіріп, цифрландыруда. Кейін Саяси қуғын-сүгін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия тиісті шешімдер шығармақ.
Досжан Маратұлы, Qazaqstan TV