Уәли Қаюм-Ханның Мұстафа Шоқай туралы естелігі. Азаттық радиосына берген сұхбатынан үзінді
Уәли Қаюм-Ханның Мұстафа Шоқай туралы естелігі. Азаттық радиосына берген сұхбатынан үзінді.
«Мен мәртебелі Мұстафа Шоқаймен көп уақыт бірге болдым. Бірге істедік. Пікірлес болдық. Отан жолында бірге уайымдадық. Бір-бірімізге сендік. Бұл сенім біздің қозғалыстың негізі болды. Әр уақытта біз бір бағытта болдық. Бұл қозғалыс бөлінбес биік Түркістанды аңсады. Онда өз қауымына бұра тарту, рушылдық деген жоқ еді. Мұстафа өзі жазған мақалаларында, жазба мұраларында Өзбекстан, Қазақстан және басқа да республикаларды Түркістанның бір бөлігі деп танитын. 1917 жылы ол жастығына қарамастан, Қоқан автономиясының президенті болып сайланды. Сөйтіп жүріп, Мұстафа Шоқай Алашорда үкіметінің де мүшесі болды», – дейді Уәли Қаюм-Хан 1991 жылы Азаттықтың Өзбек қызметіне берген сұхбатында.
Осы сұхбаттан кейін ол өзінде сақталған Мұстафа Шоқайдың дауысы жазылған таспаның бір нұсқасын Азаттыққа берген. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек бөлімінің бұрынғы қызметкері Шағатай Көшер (суретте) не дейді? Уәли Қаюм-Ханнан сұхбат алған ол — қазір зейнеткер.