“Тарихи тұлға — Таңжарық” әдеби-сазды, тарихи-танымдық кеші

“Тарихи тұлға - Таңжарық” әдеби-сазды, тарихи-танымдық кеші
Талғар аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тіл және спорт бөлімінің ұйымдастарған ұлт қайраткері, көрнекті ақын, ағартушы Таңжарық Жолдыұлының 120 жылдығына арналған арнайы іс-шара табысты түрде тәмамдалды. “Тарихи тұлға — Таңжарық” әдеби-сазды, тарихи-танымдық кешіне тарихшы Әлімғазы Дәулетханұлы, әдебиеттанушы-зерттеушілер Серікқазы Қорабай, Бекқожа Жылқыбекұлы, Гүлжаһан Орда, т,б, қатысып сүбелі сөз сөйледі. Нұржан Жанпейіс ағам бастаған әншілер Таңжарық әндерін тамылжыта шырқады. Танымал айтыс ақындары Жақсылық Орынбасарұлы арнау айтса, Рүстем Қайыртайұлы мен Қазірет Бердіхан мағыналы айтыс жасады. “Ділмар” үйірмесінің мүшелері Ажар, Марал, Рабиға және Тұздыбастаудағы әл-Фараби мектебінің оқушылары Әйгерім, Аружандар ақын жырларын мәнерлеп жатқа оқыды. Жақсы өлеңдерімен жалпы жұртқа жағып, жан сергіткен шәкірттер Ішкі саясат, мәдениет, тіл және спорт бөлімнің басшысы Фарида Мамырбекқызының алғыс хатына ие болды. Рухани-танымдық кеште Жолдыұлының өнегелі өмірі мен өсиетке толы өлең-толғауларына талдау жасалып, баға беріліп, пайымды пікір, ұтымды ұсыныстар айтылды.
Кеш тізгіні маған бұйырыпты. Шамамыз келгенше міндетімізді атқардық…
Осылайша тағылымы мол тарихи тұлға Таңжарықтануға үлес болып қосылып, тыңдарманын тың белеске көтерген керемет кеш тарих қойнауына сіңіп бара жатты…
Игілігі мол іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысқандарға, баяндама жасап, өнер көрсеткендерге алғыс айтамыз!!!
“Тарихи тұлға - Таңжарық” әдеби-сазды, тарихи-танымдық кеші
“Тарихи тұлға - Таңжарық” әдеби-сазды, тарихи-танымдық кеші

Жарқын Сәленұлы