Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар

Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар
2023 жылдың 26-29 маусымы аралығындағы Астана қаласындағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектептің жас мұстафатанушылары Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапарда болды.
Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар
26 маусым күні жас мұстафатанушы оқушылар Қызылорда қаласындағы Мұстафа Шоқай ескерткішіне гүл қойды, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығы жұмысымен танысты. Сол күні ғылыми орталықпен бірге С.Айтбаев атындағы көркем сурет галереясында орталықпен бірге «Рухани тоғысу. Жаңылмаған жүрек» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. 28 маусымда Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы Мұстафа Шоқай атындағы №41 мектепте кездесу өтіп, дәл осындай көрме ауылдың «Мәдениет Үйінде», 29 маусымда Шиелі кентіндегі «Мәдениет Үйінде» қойылып, саяси қайраткердің жеке ұстанған заттары (жазу машинкасы, қолданған мөрлары, жазған хаттары, фотосуреттері, құжаттары тсс) жұртшылыққа таныстырылды.
Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар
Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар
Сыр өңіріне «Мұстафа Шоқай ізімен» атты мәдени-танымдық сапар

Сагат Тайман