Бішкекке барып жатсаңыздар міндетті түрде «Ата-бейітке» барып құран бағыштап шығыңыздар
1937-38 жылдардардағы «үлкен террор» Совет үкіметінің барлық халқына қасірет алып келді. 1937 30 шілдеде КСРО-ның ішкі істер наркомы Николай Ежовтың №00447 бұйрығы бойынша Қырғыз КСР-інде 250 адам ату жазасына 500 адам ЕТЛ жіберілу керек болған. Ату жазасына кесілген 137 жеті адамды НКВД өзінің Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласының сыртындағы демалыс үйінде атып, үй салу үшін кірпіш жасаған шұңқырға тастаған. Оны сол демалыс үйдің күзетшісі болған Абықан Қыдыралиев қызы Бүбүйра Қыдыралиеваға құрбандардың көмілген жерін көрсетіп кетеді. 1988 жылдары репрессия құрбандарын ақтау жұмыстары басталып, жабық тарих ашылғанда Б. Қыдыралиева КГБ-ның жас капитаны Болот Абдрахмановқа НКВД-ның демалыс үйі болған жерге апарып, бұрыңғы кірпіш жасаған жерді көрсетеді. Б. Абдрахманов ол жерге қазба жұмыстарын жүргізуге көптеген кедергілерге қарамастан рұхсат алып археологтармен жұмыс жасап бір шұңқырдан 137 адамның (17 ұлт өкілі) сүйегін қазып алады. Сол қаралы тарихты келешек ұрпаққа таныстырып отыру мақсатында 2000 жылы сол орынға «Ата-бейіт» деген мемориалды комплекс салынған. Бішкекке барып жатсаңыздар міндетті түрде «Ата-бейітке» барып құран бағыштап шығыңыздар.