ЗОБАЛАҢ. ТАЛАС ОМАРБЕКОВ
1929-1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға – сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған Қазақстанның біраз жерлерінен тұтанған халық наразылығы, бас көтерулері кітапта тарихи нақты деректерге негізделе баяндалған. Кітап әлі күнге дейін беймәлім болып келген «ақтаңдақтар» қасіреті ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) архивтерінен алынған құнды мәліметтермен толықтырылған.