АШАРШЫЛЫҚ. Т.ОМАРБЕКОВ

Т. Омарбеков. Ашаршылық. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2019. – 80 бет

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Омарбековтің бұл еңбегінде ғалымның соңғы отыз жыл бойы тынбай зерттеген Ашаршылық тақырыбының негізгі қорытындылары баяндалған. 1930-33 жылдары Қазақстанда болған алапат аштықтың басты себептері анықталады. Шыбындай қырылған халық пен босқынға ұшыраған қаріп жандардың сан мөлшері архив деректерімен нақтыланады. Бұл кітапты үлкен таралыммен шығарудағы басты мақсатымыз – ХХ ғасырдағы қазақ халқының бастан кешкен зұлматы, Ұлы жұт – Ашаршылыққа ғылыми тұрғыда нақты баға беру, байыпты талдау жасау. Бұдан кейінгі айтылар ой, табылар жаңа деректер осы зерттеу қорытындыларына қосымша түзетулер енгізуі мүмкін. Кітап халқымыздың өткені мен бүгініне бей-жай қарамайтын барша ұлтшыл азаматтарға арналған.