Пассионар тұлға — Темірбек Жүргенов!

Пассионар тұлға - Темірбек Жүргенов!

Бүгін Қазақстан мен Орта Азия елдерінде оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Пассионар тұлға» атты халықаралық конференция өтті.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде ұйымдастырылған шараға ҚР ҰҒА академиктері, жүргеновтанушы ғалымдар, зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Барысында есімі иісі түркі жұртына мәлім тау тұлғаның өмірі мен қызметі жөнінде баяндамалар оқылды. Қайраткерлігі мен ғылыми еңбектерінің маңызы талданды.

Пассионар тұлға - Темірбек Жүргенов!

Сонымен қатар, конференцияға Қырғыз Республикасынан арнайы келген Жумағұл Байдилеевтің «Қазақ-қырғыз элитасы» кітабының таныстырылымы жасалды. Шара соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әншілері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория студенттері өнер көрсетті.

Халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын түрлі қиындыққа қарамастан өрге сүйреген алаштың асыл азаматының есімі ұлықтала берсін!