ГОЛОД 1921 -1922 ГГ. В КАЗАХСТАНЕ, КАК СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНАЯ ТРАВМА

Бұл мақала «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның зардаптары» жобасын жүзеге асыру аясында жазылып, қазақ халқы үшін ашаршылықтың нақты себептері мен оның зардаптарын анықтау проблемасын жариялауды мақсат етіп отыр. Кеңес тарихының күрделі және қарама-қайшы оқиғаларын объективті және саралап тұжырымдау, қазақстандық тарихшылардың соңғы бірнеше онжылдықтар ішіндегі өзекті міндеті болып табылады. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық тарихын зерттеу кеңестік кезеңдегі қазақстандық тарихнаманың өзекті мәселелеріне сәйкес келеді. Осы қорқынышты және қайғылы құбылыстың себептері жайлы мәселе өте маңызды. Жұмыс гипотезасы
ретінде авторлар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы ашаршылықты белгілі бір дәрежеде большевиктер өздерінің саяси мақсаттары үшін пайдаланды деген ережені алға тартты. Азық-түлік саясаты негізінен большевиктік режимнің идеологиясын түсінбейтін және қабылдамаған ауыл халқы мен қазақтарды тыныштандыру құралы болды. Оған дәлел ретінде авторлар пайда болған гуманитарлық апаттың құбылысын – азық-түлік диктатурасын, «соғыс коммунизмінің» саясатын талдады. Оның негізі азық-түлік салымы болды. Азық-түлікті әскери-мәжбүрлеу шаралары арқылы «түк қалдырмай», халықтың қарапайым қажеттіліктері үшін тіпті минимумды қалдырмаған. Азық-түлік тапшылығына ауа-райы да өз әсерін тигізді.

Асанова С., Капаева А. Голод 1921-1923

ТегтерАшаршылық