ҰЛТТАНУ. АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ

АЙТАЛЫ А. Ұлттану. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2022. – 400 бет.

Философия ғылымдарының докторы, профессор А. Айталының қаламынан туған бұл кітап – ұлттану теориясы бойынша қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбек. Әрі монография, әрі оқу құралы қызметін атқарып тұрған зерттеу мен ғалымның мақалаларында ұлттық қасиеттер мен құндылықтар, ұлттық мемлекет, мәдениет, идеология, дін, тәрбие секілді өзекті мәселелер ұлттану теориясы негізінде, бүгінгі күн тұрғысында сөз болады.

Кітап идеология саласындағы қызметкерлерге, қоғамтанушыларға, ұстаздар мен студенттерге және жалпы ұлттану мәселелерімен қызығушы қалың көпшілікке арналады.