Астық дайындаудағы дағдарыс және И.Сталиннің Сібірге сапарынан туындаған Қазақстандағы зорлық-зомбылық

Астық дайындаудағы дағдарыс және И.Сталиннің Сібірге сапарынан туындаған Қазақстандағы зорлық-зомбылық

1924 жылдан бастап, жаңа экономикалық саясаттың орнығуы нәтижесінде Кеңестер Одағында астық дайындау ісі негізінен нарықтық механизмдердің көмегімен жүргізілді. Мұның өзі алғашқы жылдары шаруаларды ынталаңдыруда жемісті қызмет етіп, ауыл шаруашылығында астық дайындауды жылдан жылға өсіре түсті. Даму осы бағытта жұргізіле бергенде, елдегі астық тапшылығынан біртіндеп біржолата құтылуымызға болатындай еді. Бірақ 1927-28 астық дайындау жылында өткен жылмен салыстырғанда бұл маңызды мәселеде кұрт құлдырау орын алды. Дағдарыстың жалпы көлемін И.Сталин өзінің 1928 жылы 13 ақпанда БК(б)Пның барлық ұйымдарына жолдаған хатында былай түсіндірді: «Егер 1927 жылғы қаңтарда біз 428 миллион пұт дәнді астық дайыңдап үлгірген болсақ, ал 1928 жылғы қаңтарда дайындалған дәнді астық 300 миллион пұтқа әрең жетті». Осылайша И.Сталин осы кезеңдегі астық дайындаудағы жетіспеушіліктің 128 миллион пұт болғанын атап көрсетті.

И.Сталин келтірген осы мәлімет БК(б)П Орталық Комитеті мен Орталық Бақылау комиссиясының біріккен Пленумында (1928 ж., сәуір) және Орталық Комитеттің шілде (1928 ж.) Пленумында тағы да әңгіме болып, астық дайындауда орын алған кемшіліктерге баса назар аударылды.

Астық дайындауда орын алған мұндай дағдарыс елдің басқа аудандарындағыдай Қазақстанда да айқын байқалады. Мұны біз төмендегі 1924-1928 жылдар аралығындағы астық дайындаудағы өзгерістерді бейнелейтін кестеден көре аламыз (мың пұтпен есептегенде)1. [Қазақстан Республикасының Ортапық Мемлекеттік архиві (бұдан былай -ҚР ОМА). -1848-қор, 19тізбе, 5-іс, 43-парақ.] .

Кестеден байқалып тұрғандай, егер 1925-26 және 1926-27 астық дайындау жылдарында белгіленген жоспар артығымен орындалып келген болса, ал келесі 1927-28 астық дайындау жылында жоспар орындалмай қалған.

Ал енді соңғы астық дайындау жылындағы кемудің өзінің қалай болғанын бұл жұмысты айларға бөліп талдасақ, тереңірек түсінер едік:

1927-28 астық дайындау жылында астық дайындау негізінен қазан айынан басталды. Бірақ осы айдың өзіндеақ айлық жоспардың 10,8 проценті, ал келесі қарашада жоспардың 43,8 проценті, желтоқсанда -51,2 және қаңтарда -56,6 проценті орындалмай қалды2. [ҚР ОМА. -1380 с-қ., 1т., 173-іс., 76-п.. Егер осының алдындағы 1926-27 астық дайындау жылдарында керісінше, қазан айынан бастап дайындау қарқыны айданайға өсе түскенін ескерер болсақ, бұл шынында да назар аударып мазасыздануға тұрарлықтай нәрсе еді. Астық дағдарысының орын алу себептерін БК(б)П Орталық Комитеті өзінің жоғарыда аталған пленумдарында былай түсіндірді: 1) деревнядағы халықтың тұрмысының жақсаруына байланысты шаруалардың ақы төлеу қабілетінің жедел өсуінен оларға өндіріс тауарларын ұсынудың кейін қалып қоюы нәтижесінде базардағы тепетеңдіктің бұзылуы; 2) ауыл шаруашылығының басқа өнімдеріне қарағанда астықтың бағасының төмен болуы шаруалардың өз астығын сатуға деген ынта-ықыласын төмендетті; 3) жоспарлаудағы, «ең бастысы тауарды уақтылы тасып жеткізу және салық салу (деревняның меншік иелеріне салықтың төмендігі) бағытындағы» қателіктер; 4) дайындау және партиякеңес органдарының қателіктері (біртұтас майданның жоқтығы, белсенділік танытпау, бетімен жіберушілік бағыты)»1[Коллективизация сельского хозяйства. ВажнейшиеПостановления… 62бет.].

Қазақстан жағдайында осы айтылған себептермен қатар жергілікті өкімет тарапынан тағы бір қосымша басты себеп атап көрсетілді. Ол -«астық дайындау науқаны кезінде мал және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың күшейе түсуіне жол беру» еді. 2 [ҚР ОМА. -1380 с-қ., 1т., 173-іс, 76-п.]

Мұңдай жағдайды, әсіресе кулактар мен алыпсатарлардың тиімді пайдаланып, жоғарыдағы қиыншылықтарды кұрделілендіре түскенін атап көрсетуді де Орталық Комитет естен шығарған жоқ.

Жеке меншік шаруалар қожапықтарының Қазақстандағы астық дайындаудағы үлесін астық дайындауды әлеуметтік тұрғыдан жіктеп көрсететін төмендегі кестеден байқай апар едік. 3[Сонда. – 1848-қ., 19т., 5-іс, 10-п.]

Иә, мәліметтер бойынша астық дайындауда жекеше қожапықтардың үлес салмағы жылдан-жылға біртіндеп кұрт азайған. Астық дайындауды негізінен мемлекеттік мекемелер мен кооперативтер жұргізген. Мұндай жағдай Қазақстанда жылдан-жылға ауыл шаруашылығы кооперативтері сандарының өсуімен ғана емес, жекешелердің арзан бағамен мемлекетке астық өткізгілері келмеулерінен де қалыптасқан деп қорытынды жасауға болады.

«Егер мемлекет астық дайындау бағаларын көтеріп, экономикалық ынталандыру механизмдерін тиімді тұрде іске қосқан болса, астық дағдарысынан біртіндеп шығуға толық мүмкіндік бар еді. Өйткені бұл нарық қатынасының жалпыға белгілі заңы.

Бірақ осындай бағыттағы кез келген әрекеттің өзі сол жылдары қатал айыпталды. Мысалы, Қазақстан үкіметі өзінің 1926-27 жылдардағы астық дайындау науқанына байланысты 1928 жылғы 13 наурызда жасаған қорытындысында «дайындаушылар бүкіл дайындау науқанында рынок үшін кұресті, жол беруге болмайтын әдістерді (бағаны жоғарылату және т.б.) пайдаланып, осылайша рыноктегі істі Бұлдірді және сөйтіп жекешенің белсенділігінің күшеюіне мүмкіндік берді», деп атап көрсетілген.1[ҚР ОМА. – 1380 ск.., 1т., 173-іс, 76-п., келесі беті.]

И.Сталиннің өзі де астық дағдарысына біржақты баға берді. Ол бұл қиыншылықтың «жұмысшы аудандарын және Қызыл Армияны жабдықтаудағы дағдарыстарға, наразылықтарға, «зығырлы және мақталы аудаyдарды жабдықтаудағы дағдарыстарға» соқтыратынын, нәтижесінде «зығыршылар мен мақташылардың астық өндіруге көшіп» тоқыма өнеркәсіптерінің тоқтап қалатынын айтып елді қорқытты. Сондайақ И.Сталин мұның өзі мемлекет қолындағы «жабдық пен ауыл шаруашылық машиналарын әкелуге қажетті экспорт мұқтаждықтарын» алуға керекті астық қорынан айрылуға апарып соқтыратынын, баға саясатын бұзатынын, «өнеркәсіп тауарларының бағасын ұнемі төмендетіп отыруды көздейтін саясатты» бұзатынын өзінше «дәлелдеп» бақты. 2 [Сталин И. Шығармалар. 11т., 11-12беттер]

БК(б)П Орталық Комитеті астық дайындаудағы дағдарыстан шығу үшін 1927 жылғы 14 және 24 желтоқсанда жергілікті жерлерге алғашқы нұсқауларын жіберді. Бұл нұсқаулардың басты мақсаты -шаруаларды астығын үкіметке жедел тапсыруға мәжбұр ету болды.3 [Иконникова И.П., Угроватов А.П. Сталинская репетиция наступления на крестяньство. -«Вопросы истории КПСС». 1991. №1, 69бет; Конюхов Г. КПСС в борьбе с хлебными затруднениями в стране (1928-1929). -М., 1969, 117, 118бет.]

Осы нұсқауларда айтылған қағидалар Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің жабық жиналысында шұғыл тұрде қаралып, астықты аудандарда 15 желтоқсанға дейінгі ауыл шаруашылығы салығы төленуінің өткен жылмен салыстырғанда мардымсыз екені атап көрсетіліп, «Қаржы халық комиссариатына және губерниялық атқару комитеттеріне ауыл шаруашылығы салығын жинаудың көрсетілген мерзімде орындалмай қалуына жол бермеу үшін «оны барынша тездету қажеттігі, сондайақ салықтар, сақтандыру, тұқымдық көмек, ауыл шаруашылығы кредиті бойынша «астықты аудандардағы қарыздарды өндіріп алуға шара қолдану», сонымен қатар астықты аудандардың ауқатты халқына жаңа ауыл шаруашылығы кредитін беруді шектеу» ұсынылды.

Бұларға қосымша нұсқауда «астық дайындауда маңызы жоқ» жерлердегі рынокты уақытша шектеу есебінен барлық өнеркәсіп тауарларының 80 процентін астық беретін аудандарға жеткізу де көзделді.

Қазақстанның Сауда халық комиссариатына және оның органдарына астыққа «бағаны көтеруге және дайындаушылардың дайындау бағаларын ескермеуіне жол бермеу, тәртіп бұзушыларды сотқа беруге дейін батыл шаралар қолдану үсынылды».

Астық дайындау барысында жүгенсіздік байқалған жағдайда «республика прокуроры істерді өте қысқа мерзімде өткізуді қамтамасыз етуге» міндетті болды. 1927 жылы 17 және 29 желтоқсанда Қазақ Өлкелік партия комитетінің бюросы осы қаулыдағы мәселені тағы да талқылап, жергілікті партия органдарын міндеттейтін шешімдер қабылдады, партия ұйымдарына нүсқау хаттар жөнелтті.1[ҚР ОМА. -1380Ск,. 1т., 173-іс, 6-7, 2-п]

Дегенмен Мәскеудегі басшылықты мұндай нұсқаулар қанағаттандырмады. И.Сталиннің өзінің сөзімен айтсақ, жергілікті жерлерге «бұл директивалардың жөнді әсері болмады, сондықтан БК(б)П Орталық Комитеті 1928 жылы 6 қаңтарда өзінің қатаңдығы жағынан да, өзінің талаптары жағынан да мүлде ерекше үшінші директиваны беруге мәжбұр болды». 2 [Сталин И. Шығармалар. 11т., 13бет.]

И.Сталиннің өзі қол қойған бұл үшінші нұсқау-жеделхатта (телеграмма) базардағы «ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеріп жатқан кулактарға және алыпсатарларға ерекше жазалау шараларының қажеттігі» атап көрсетілді. Сондайақ онда, жергілікті жерлердегі партия басшыларына да қысым жасалып, егер бір аптаның ішінде «астық дайындауда шешуші өзгеріске» қол жетпейтін болса, «Орталық Комитеттің партия ұйымының қазіргі басшыларын ауыстыру қажеттігін» мәселе етіп қоятыны ескертілді.3 [«Вопросы истории КПСС». -1991, №1, 70-]

Бірақ И.Сталиннің өзінің сәл кейінірек, 1928 жылғы 13 ақпандағы барлық партия ұйымдарына жолдаған хатында түсіндірілгеніндей, әрине, мұндай қатаң шара тек ерекше жағдайдарда ғана қолданылуы мүмкін» еді.1 [Сталин И. Шығармалар. 11т., 13бет]

1928 жылы 6 қаңтардағы И.Сталин қол қойған нұсқау хат астық дайындаудағы төтенше шаралардың басталуына нақты негіз жасады. Арада бір кұннен кейін Қазақстанның өлкелік партия комитетінің секретариаты осы нұсқау түскен кұні, соған сәйкес шешім қабылдады.

Онда былай деп атап көрсетілді: «Өлкелік партия комитетінің астық дайындауға байланысты нұсқаулар (1/ XII, 17/XII, 29/ХІІ) бергеніне міне 5 аптадан астам уақыт өтті, астық дайындау базарында шұғыл өзгеріс болған жоқ. Мұны негізінен жергілікті партия және кеңес органдарының қозғалу қарқынындағы кемшіліктермен түсіндіре аламыз».

Осы шешімде Өлкелік Комитеттің секретариаты жергілікті аппараттарды кінәлаумен ғана шектелмей, ет дайындау науқанының қарқынын шектеу есебінен астық дайындау қарқынын үдету қажеттігіне олардың назарын аударды. Осы мақсатпен «ірі астық өндіретін аудандарда астықтың неғұрлым көбірек түсуін» қамтамасыз ету үшін мал дайындаудағы бағаны орта есеппен 10 проценттен ары төмендетпеу қажеттігі айтылып және сонымен бірге «бұл аудандарда мал дайындауды қыса түсу мүмкіндігін» бір кұндік мерзім ішінде анықтау сауда халкомына тапсырылды. Сондайақ осы мәжіліс ұн мен астыққа бағаны кетерген Ақтөбе губерниясындағы жауапты қызметкерлерді жазалауды аудандық атқару комитеті мен республика прокуратурасына тапсырды.

Сонымен қатар осы 7 қаңтардағы секретариат мәжілісінде «республика прокуратурасына, ПГІ ОГПУ-ға және олардың жергілікті органдарына астық дайындауға әсер ететін барлық директиваларды орындауға барынша ықпал жасау тапсырылды».

Аталған органдар әсіресе астықтан самогон қайнатушыларға қарсы ашық кұреске жұмылдырылды. Олар бұл іспен айналысушыларды «берілген нүсқаулар негізінде қатал жауапкершілікке тартулары тиіс» болды.2 [ҚР ОМА. -1380С-Қ., 1т., 173-іс, 16, 18, 14, 15-п.]

Мұндай астық дайындауға байланысты қатал шаралардың жергілікті жерлерде өрістей түсуіне БК(б)П Орталық Комитеті Саяси бюросының 1928 ж. қаңтар айында өз қолдарында 30 т. (шамамен 1,9 мың пұт) астық «қалдықтарын ұстаған ірі кулактардың әрқайсысына әкімшілік қысымды қолдануға рұқсат беруі кең жол ашты.1[Борисов Ю.С. Эти трудные 20-30-е годы. -«Страницы истории со вөтского общөства». М., 1989, 135бет.]

Мәскеудегі Орталық Комитеттің нұсқауымен қаңтар айының алғашқы жартысындаақ жергілікті жерлерде барлық биліктерді өз қолдарына жинаған астық дайындауға байланысты төтенше «үштіктер» және «бестіктер» құрыла бастады. Бұларды жергілікті жерлерде бірінші басшылар басқарды. Конституциялық заңға қайшы органдар бола тұрса да, барлық мемлекеттік мекемелер бұларға сөзсіз бағындырылды. Мұндай жүгенсіздіктің тағы бір көрінісі -өлкелік партия комитетінің жергілікті жерлерге өздерінің төтенше уәкілдерін жіберуі еді. Тек өзін жұмсаған жоғарғы органға ғана бағынатын бұлар жергілікті жерлерде шексіз билік жасады.

Осы Конституциялық емес органдардың жазалау жұмысын «қатайта» түсуде И.Сталиннің Сібірге жасаған сапары шешуші рөл атқарды. Сібірге аттанар алдында ол, 13 қаңтарда Мәскеуде Ауыл шаруашылығы кооперациясы одағының, Хлебоцентрдің, Хлебопродуктының және КСРО Сауда халық комиссариатының өкілдерімен астық дайындаудың барысы туралы әңгімелескен 2 [СталинИ. Шығармапар. 11т., 413бет.]. Осы әнгімеден соң екі кұннен кейін, 15 қаңтарда И.Сталин Сібірге аттанып кетті. 6 ақпанға дейін И.Сталин Новосибирскіде, Барнауылда, Бийск, Рубцовкада, Красноярск және Омбыда болып, астық дайындаудың барысы жөнінде партия ұйымдары өкілдерімен бірнеше мәжіліс және кеңестер өткізеді 3 [Сонда, 413-414беттер; «Вопросы истории КПСС». 1991, №1, 72бет.].

И.Сталиннің Сібір сапары барысында, әсіресе оның 31 қаңтарда Красноярскіде «Шығыс кеңесін» өткізуі және 3 ақпанда Омбы округтік партия комитетінің бюро мәжілісінің жұмысына қатысуы Қазақстанда астық дайындауды күшейтіп, асыра сілтеуге жол берген деп айтуға негіз бар. Өйткені Сібір тарихшыларының соңғы жылдардағы зерттеулері осы бюро мәжілісіне Сібірдің бірқатар округтік партия комитетінің хатшыларымен қатар Қазақстан губерниялық партия комитеттерінің хатшылары да қатысқанын атап көрсетеді. Демек, аталған мәжілістерге Ф.И. Голощекин де қатысқан.

Өйткені Қазақстан Өлкелік партия комитетінің жанындағы астық дайындауға байланысты «бестік» өзінің 1928 жылғы 1 ақпандағы мәжілісінде «Астықты теркілеу туралы, соттар арқылы нүсқаулар берудің қажеттігі туралы» Голощекиннің жеделхатын талқылаған. Бұл құпия жеделхаттың қайдан келіп түскенін дәл анықтай алмасақ та, оны И.Сталиннің 1928 ж. 31 қаңтарда Красноярскіде өткізген жергілікті партия және кеңес органдары басшыларының «Шығыс кеңесіне» қатысқан Ф.Голощекин шұғыл тұрде Алматыға жолдаған деу керек.

Бұл жеделхатты талқылаған Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы «бестік» мынандай қаулы қабылдады: «а) 20 процентін жергілікті тұқымдық қорға аудара отырып, астықты тәркілеуді жергілікті соттар жүзеге асырсын; б) ЮстХКна (Юстиция Халық Комиссариатына т.О.) және Республика Прокуратурасына процестің тездетілуін қамтамасыз ету атап көрсетіліп, осыған сәйкес нұсқауларды жергілікті жерлерге жедел жіберу ұсынылсын»1 [ҚР ОМА. -1380с-қ„ 1т., 173-іс, 41-п.].

Бұл ауқатты шаруаларды жаппай жазалауда және олардағы астықты зорлап тартып алуда заң органдарының өздері де жоғары белсенділік көрсетулері тиіс деген сез еді. Осыған байланысты біз Сібірлік тарихшылардың: «И.Сталин қолданылып жатқан іс-әрекеттерге заңдылық сипатын» бермекші болды деген пікірлеріне қосыламыз 2 [Иконникова И.П., Угроватов А.П. Сталинская репетиция… 73бет.]. Өйткені шаруалар прокуратура және сот органдарына «революциялық заңдылықты жүзеге асырушы органдар ретінде» сенді.

Ауқатты шаруаларға қарсы жазалау шараларының шұғыл күшейе түсуіне И.Сталиннің Сібір сапары кезінде кулактарға қарсы РСФСР Қылмыстық Кодексінің 107бабын жедел тұрде қоддануды талап етуі тікелей ықпал етті. Бұл бойынша «сатып алу, тығып тастау жолымен тауарлардың бағасын қасақана көтеру немесе осындайларды базарға жібермеу» қылмыс ретінде жазаланатын 3[Уголовный кодекс РСФСР. М., 1926, 107бабы.]. «Бұл бапты астық жалдаптарына қарсы неге қолданбайсыздар? деп төте сұрақ берді Сталин Сібірде партия, кеңес және заң органдарының басшыларына, -әдде сіздер кулак мырзалардың тыныштығын бұзудан қорқасыздар ма?».

И.Сталин өзінің осы сапарынан Мәскеуге оралған соң, барлық партия ұйымдарына құпия жолдаған нұсқау хатында ауқатты шаруалардан аталған Қылмыстық істер Кодексінін бабымен кәмпескеленіп алынған «басы артық астықтың» 25 процентін «ұзақ мерзімді қарыз ретінде кедейлердің тұқым жөніңдегі мұқтажын өтеуге және қажет болған кұнде – тұтыну мұқтажын өтеуге» беруді ұсыңды [Сталин И. Шығармалар. 11т., 3, 20беттер.].

Жоғарыда Ф.Голощекиннің жеделхатынан көрдік, Қазақстанда тұқымдық қорға қалдыратын астық 20 процентке дейін төмендетілді және И.Сталин айтқандай, бұл астық кедейлерге емес, шын мәнінде негізінен колхоздар мен кооперативтердің астық қоймаларына тапсырылды.

Астық сатушыларды және оны сатып алушыларды РСФСР ҚҚ 107бабымен соттау туралы заң орындарына жіберілген нұсқау-жеделхат Қазақстан прокурорына Мәскеуден 1928 жылғы 23 қаңтар кұнімен көрсетіліп келді.

Мұнда астық дайындауда 107баппен сотталғандарға «дем беруші және жол беруші» кеңес аппараты қызметкерлерін РКФСР Қылмысты істер Кодексінің 109 немесе 111баптарымен, ал «тұрақты бағаға байланысты нұсқауды бұзушы» мемлекеттік және кооперативтік астық дайындаушыларды 109баппен, салықты төлемеген ауқаттыларды 60баппен жедел тұрде соттау қажеттігі айтылды. «Бұл істердің, деп көрсетілген жеделхатта, -екпінді тұрде жылжуына жауап беру Сізге (республика прокурорына – Т. О.) және Сот төрағасына жүктеледі».

Құпия жазумен келген осы жеделхатты Қазақстанның Прокуратурасы және Юстиция Халық Комиссариаты ПП ОГПУ арқылы 31 қаңтарда жасырын тұрде округтік прокуратураларға жөнелткен.

Осы қатал нұсқаумен қатар жергілікті жерлердегі заң органдары, жоғарыда көрсетілген 1 ақпандағы Ф.Голощекиннің шұғыл жеделхаты талқыланған Өлкелік партия комитетінің астық дайындауға байланысты «бестігінің» шешіміне сәйкес Қазақстанның Юстиция Халық Комиссариатының 107бап бойынша астықты жедел тәркілеу туралы нұсқауын да алды. Бұл нұсқау төменгі органдарға ақпанда жөнелтілген. Ал енді тәркіленген астықтың 20 процентін жергілікті тұқымдық қорға аударуды орындау «тәркіленген азық қарауларына келіп түсетін финанс органдарына» жүктелді.

Қазақстандағы соттау-жазалау органдарының өздеріне тапсырылған міндеттерді осы кезенде қалай және қандай бағыттарда жұргізгенін 1928 жылдың 8 қаңтарынан 6 ақпанына дейінгі кезеңді қамтитын мынандай мәліметтерден айқын байқауға болады: астық дайындауға байланысты айыпталғандар ісі (107бап бойынша) 486 болса, бірыңғай ауыл шаруашылығы салығына байланысты -538; ауыл шаруашылығы салығын төлемеуге байланысты -21; мемлекеттік сақтандыру бойынша -397; ауыл шаруашылығы банкісінің ісі бойынша -748; самогон қайнатуға байланысты -265 іс болды. Бұлардың ішінен көрсетілген кұндері сотта талданған айыпталушылар ісі 815 болса, онда сотталғандар 99 адам.

Сонымен қатар шаруалардан 1000 пұт астық тәркіленіп алынып, 225 айыптылар істерін қарау нәтижесінде олардан 34 807 сом айып ақша өндіріліп алынды. Сондайақ қылмысқа тартылғандар ішінде 59 лауазымды адам бар.

Бұдан көрінетіні, астық дайындауға байланысты жазалау әртұрлі жене жан-жақты сипат ала бастады. Бұл бағыт Қазақстанда әсіресе И.Сталиннің Сібірге сапарынан кейін үлкен қарқынға ие болып айыпталушылар сандары да кұн сайын өсе түсті. Мысалға, самогон қайнатуға байланысты жазалауды алайық: 1928 жылдың 5-8 ақпандары кұндерінде ғана, яғни не бары 4 кұнде Қазақстан сот-жазалау органдарында 338 айыпталушы ісі тіркелінді, 5023 отбасына тінту жұргізіліп, 706 самогон қайнататын аппарат және 2645 шелек барда самогон шикізаты, 755 шелек самогон тартылып алынды. Самогон қайнатушыларға 59663 сом айып ақша және 193 пұт айып астық салынды. 229 адам ықтиярсыз жұмыс істеуге жіберілді. Мұның өзі пайда болған және қаралған сот істерінің 164нің ғана нәтижелері еді. Иә, осылайша бұрын 6 ақпанға дейінгі бір айға жуық уақытта самогон қайнатуға байланысты 265 айыптау ісі қозғалған болса, ал 6 ақпаннан кейінгі, не бары 4ақ кұннің ішінде олардың саны 338ге жетті.

«Сібір әдісімен» астық дайындауға байланысты мұндай жазалаудың тұрі, әсіресе наурыз-сәуір айларында көбейіп кетті. 1928 жылдың 19 сәуірінде Өлкелік партия комитетіне Республика Юстиция халық комиссариаты және прокуратурасы берген баяндамаақпаратта Қазақстанның барлық губерниясы бойынша төмендегідей айыптаулардың орын алғаны атап көрсетілген: астық дайындауға байланысты айыпталушылар ісі -1151, сол тәрізді астықты тығып қоюға байланысты -11 іс, сауда тәртібін бұзуға байланысты -241 іс, самогон қайнатуға байланысты -640 іс, салықтарды төлемеуге байланысты -3966 іс, мемлекеттік сақтандыру бойынша -55 айыптау ісі пайда болған. Осы мерзімге дейін 7028 іс тексеріліп бітіп, шаруалардан 113579 пұт астық тәркіленген. Тінту нәтижесінде -805 адам сотталып, 1414 бас мал, 21 диірмен, 3 майшайқағыш, 2 тері зауыты және 75047 сомның дұние-мүліктері, 1735 шелек самогон, 2 пұт шай тәркіленген. Сондайақ кәмпескеленген тракторлар және т. б. машиналар сандары -8; бумен жұмыс жасайтын диірмендер -4; құрылыстар -3; самогон аппараттары -1003, барда -самогон шикізаты 2645 шелек болған.

Бұлар аз болғандай шаруаларға әртұрлі айыптар және сапынған. Мұның ішінде сот арқылы 368583 сом айып ақша, ал әкімшілік жолмен 64602 сом айып ақша төлеу міңдеттелінген. Шаруаларға айып салу астық және мал тұрінде де болған. Мұның ішінде астықтың 2240 пұты сот арқылы, ал 543 пұт астық әкімшілік жолмен өндірілді.

Жеке меншік шаруалар қожапықтарын осылайша жаппай астығынан зорлап айыру тіптен сол жылдары әрекет еткен РСФСР Қылмыстық істер кодексінің өзін де дөрекілікпен бұрмалау жолымен жүзеге асырылды. Бұл әсіресе жоғарыда айтылған 107баппен айыптауда айқын байқалды. Бұл бап астықпен сауда жасаушыларға ғана қолданылуы тиіс бола тұра, көп жағдайда тіптен селолық кеңестен заңды құжаттар алған және өздерінің қожалықтарында өздері өсірген астықты шаруашылықтық қажеттерін өтеу үшін базарға сатуға апарған шаруаларға да қолданылды. Яғни бай мен кулак қана емес, орташа да, тіптен кедей де осы тармақпен жаппай сотталды.

Көп жағдайда шаруаның үйінен аз ғана астық (100-200 пұт) табылса болды, ол сауда жасамаса да сотқа тартылды. Оның үстіне Қылмыстық істер кодексінің 107бабымен сотталғандардың шамамен 99 проценттейі өздеріне қарсы сот ісі басталғанынан мүлде хабарсыз болған. Оларды ешкім сотқа шақырмаған. Мұндай айыпталушылар ішінде сырттай сотталған шаруалар олардың 50 процентін құрайды1 [ҚР ОМА. – 1380 с-қ., 1т„ 173-іс, 42, 37, 40, 47, 68, 72, 73-п.].

ҚКнің 107бабын Қазақстанда астық дайындау науқанында қолдануда туындаған тағы бір үлкен қиыншылық И.Сталиннің Бұл бапты «екі мың пұт және одан астам тауарлы артық астығы барлардың ішіндегі жеке қаскұнем элементтерге» қолдану туралы ұсынысына байланысты орын алды 2 [Сталин И. Шығармапар, 11т., 20бет.]. Мұндай астығы барлардың Қазақстанға қарағанда астық өсірумен әлдеқайда белсенді айналысатын Сібірдің өзінде де өте аз екені астық дайындау барысында анықтадды. Мұнда астық дайындаудың алғашқы кезеңінде сот арқылы тәркіленген астық орта есеппен әрбір шаруашылыққа 886 пұттан айналса, ал екінші кезеңде 265 пұттан ғана айналды 1 [Иконникова И.П., УгроватовА. П. Сталинская репетиция… 81бет.].

Ал енді байырғы халықтың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып табылатын Қазақстаннан 2000 пұттан артық астық ұстайтындардың табылуы аса қиын еді. Сондықтан да, республиканың Юстиция халық комиссары және прокуроры 5 сәуірде «Мұндай мөлшер сөз жоқ Қазақстанға қолдануға жарамайды», деп Өлкелік партия комитетіне жазған құпия хатында атап керсетіп, Қазақстан жағдайында «астық ұстаушыларға жазалау шараларын қолданудың өлшеуіші бола алатын мөлшерді шамалап болса да белгілеуді» өтінді.

Сол жылдары Кеңестер Одағы Сауда халық комиссариатының Қазақстандағы уәкілі және республиканың ішкі және сыртқы сауда халық комиссары болған Ұ.Құлымбетов республика прокуратурасына, Өлкелік партия комитетіне және республика Халық Комиссарлары Кеңесіне 1928 жылғы 21 сәуірде жолдаған құпия хатыңда: «Семей, Ақмола және Қостанай губернияларында 1000 пұтқа дейін, Орал және Ақтөбеде 500 пұтқа дейін, сондайақ Сырдария мен Жетісу губернияларында 300 пұтқа дейін астық қорларының шаруаларда болуының жалғыз өзі ғана, қылмыс құрамында басқа белгілер жоқ болса, 107бап бойынша жауапқа тартуға негіз бола алмайтьінын» атап көрсетті.

Ү. Құлымбетовтың айтуынша, 1928 жылдың 1 қаңтарына дейін Семей, Ақмола және Қостанай губернияларында әрбір орыс шаруасы қожапығында орта есеппен 250ден 400 пұтқа дейін, Ақтөбе мен Оралда – 100ден 700 пұтқа дейін, Жетісу мен Сырдарияда 100 пұтқа дейін өткізілмеген астық қалып қойған. Мұның басты себебі – ауылдық жерлерге өнеркәсіп тауарларын жеткізбеу болып табылады.

Аса зәру өнеркәсіп тауарларымен Орталықтың Қазақстаңды жабдықтауы осы жыддары шынында да нашар болды. 1928 жылдың бірінші тоқсанында жабдықтау жоспары 42 процентке ғана орындалса, келіп түскен тауарлардың 40 проценттейі тек қалаларда таратылды. Яғни шаруаларды тауармен қызықтырып, осылайша олардың артық астықтарын тауарға айырбас тұрінде үкіметке сатуға ынталаңдыру жолға қойылмады.

Кейбір жерлерде шаруаларды тауармен ынталандыру тұрмақ, олардан тартып алынған астыққа ақша төлеу керектігін де естен шығарды. Мұндайда әдетте жергілікті белсенділер соттың үкімінің күшіне кіруін күтіп жатпайақ шаруалардан барлық артық астықты тәркілеп, оны мемлекетке тапсырып та жіберді. Сондықтан осыған байланысты шаруалар арасында әр тұрлі өсекаяң өрістеді. Мысалы, Ақтөбе губерниясыңдағы шаруалар жағдайды тексеруге осында келген Орынбор сотының коллегия мүшесі А.В. Лазовқа жоғарыаағыдай жүгенсіздікті былай түсіндірген: «мемлекетте нан үшін төлейтін ақша жоқ, сондықтан да тегін сыпырып алады, ал бізді тұрмеге отырғызады».

Шаруалардың түсінбеушілігін күшейте түскен тағы бір жәйт – мемлекеттің астыққа және ұнға белгіленген тұрақты шартты бағасынан олардың дер кезінде хабардар болмауы еді. Қазақ өлкелік партия комитеті өзінің 1927 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен тұрақты бағалар белгілеу қажеттігін айтып және оны сақтамаушыларға қарсы шешуші кұреске шақырды. Бұған қарамастан жергілікті жердегілер баға белгілеуге және оны шаруаларға таныстыруға асыға қоймады. Мысалы, Ақтөбе губерниясында астыққа шартты баға тек 15 қарашада белгіленген болса, ал жергілікті «Крестьянская газетада» бұл туралы тек 1928 жылдың 27 қаңтарында ғана айтылды. Осылай бола тұрса да астық дайындауға байланысты сотталғандардың 99 процентін 1927 жыддың күзінде және 1928 жылдың қаңтарында астық сатқандар құрады. Сұрастырған кезде бұлардың белгіленген шартты бағадан ешқандай хабарсыздығы анықталды.

«Артық астықты алып жатырмыз», – деген үкімет адамдарының жаппай теркілеу саясатынан кейін, шаруаларда белгілі бір мөлшерден ары қарайғы астықтың бәрі «артыққа» жататын болар деген түсінік қалыптасып, олар астықтарын жасырып қалуға тырысты. Мұндай әрекеттің орын алуына үйінде 100-200 пұт ғана астық сақтаған шаруалардың астықтарының тәркіленуі, ал өздерінің тұрмеге қамалуы айтарлықтай ықпал етті. Оның үстіне мұндай жүгенсіздік өкімет өкілдерінің шаруалардағы артық астық көлемін анықтауды көздеп, олардың астық сақтайтын қамбаларын тіміскілеп тінту жолымен жүзеге асырылды.

Жағдайды кұрделілендіре түскен тағы бір мәселе, әлеуметтік қорғаудың қатал шараларын белгілеген кезде жергілікті жерлерде қуғын-сүргін және жаппай жазалау байларға, кулактарға және алыпсатарларға қарсы бағытталуы керектігі естен шығарылды. Мұндайда жекеше шаруа қожалығының әлауқаты қандай екені мүлде дерлік ескерілмеді. Сондықтан РКФСР ҚК 107 бабы мен жоғарыда аталған шаруалардың ауқатты әлеуметтік топтарымен бірге орташалар да, әлауқаты төмен кедейлер қожалықтары да айыпталды.

Осындай тәртіпсіздіктердің орын апуына жол бермеу үшін 1928 жылы мамыр айында Қазақстанның Юстиция халық комиссариатының, Орталық Санақ басқармасының және Сауда халық комиссариатының өкілдері өзара кеңесіп, шаруалар қожалықтарын олардың экономикалық әлауқаттарына қарай үш топқа бөліп анықтау турапы шешімге келді. Сауда халық комиссариаты өзінің 7 мамырда Юстиция халық комиссариатына жолдаған хатында Бұл топтарды: көп егістіктілер, орта егістіктілер және аз егістіктілер деп атайды. Алғашқы топқа, яғни көп егістіктілерге 1000 пұтқа дейін астық өсіре алатын Ақмола, Семей губернияларындағы және Қостанай округіндегі жеке шаруалар қожалықтары, ал екінші топқа, яғни орта егістіктілерге 500 пұтқа дейін астығы бар Орал және Ақтөбе губерниялары, сондайақ үшінші топқа, яғни аз егістіктілерге, 300 пұтқа дейін астық өсіретін Сырдария және Жетісу губерниялары жатты. Сауда халық комиссариаты Орталық Санақ басқармасы берген мәліметтер негізінде ең басты астық ұстаушылар көп егістіктілер мен орта егістік иелері деген қорытындыға келіп, осы екі топқа астық дайындау жылының соңына дейін (1928 жылдың 1 шілдесіне дейін) астық ұстау мөлшерін белгіледі. Бұл бойынша Семей және Ақмола губернияларындағы жекешелер қожалықтары 200 пұтқа дейін, Қостанай округіндегілер 150 пұтқа дейін, Ақтөбе, Орал және Сырдария губернияларындағылар 50 пұтқа дейін астық сақтай алатын болды. Бірақ осы көрсетілген мөлшерлерден артық астықты олар мемлекетке белгіленген нақты бағамен өткізуге міндетті болды. Бұл талап орындалмаған жағдайда жекеше қожалығына ҚКнің 107 бабымен айыпталу қаупі төнді.

Дегенмен айта кеткен жөн, Қазақстан Юстиция халық комиссариатының және республика прокуратурасының Бұл мәселеде өзіндік көзқарасы болды. Мұны біз, сол жылдары республиканың Юстиция халық комиссары және прокуроры болған Ж.Сәдуақасовтың 1928 жылдың 12 мамырында Қазақ өлкелік партия комитетіне жолдаған хатынан да байқай апар едік. Онда ол жоғарыдағыдай, губернияларға белгіленген 50-ден 200 пұтқа дейінгі астық мөлшері көрсеткіштерінің «сот – жазапау органдарының ана немесе мына адамды қылмыстық қуғындауға жатқызуға болатынын немесе болмайтынын анықтауына мүмкіндік бере алмайтынын», «Мұндай көлемі мардымсыз сандардың халықтың орташа, тіптен кейде кедей бөлігінен астық қорын алу да шамадан тыс асыра сілтеулер туғызатынын» көрсете келіп, сондайақ 300 пұттан 1000 пұтқа дейінгі түскен өнімдер бойынша астық өсірушілерді үш топқа бөлудің де әділетті емес екендігін айтады. «Астық өсіру, – дейді нарком Ж.Сәдуақасов, – Қазақстандағы бұқара табысының жалғыз көзі болып табылмайтынын ескерер болсақ» белгіленген мелшер «артық астықтың келіп түсулерін әлсіретігі, халықтың жоғарғы қабаттары – байлар мен кулактарды аман есен қалдырады». Сондықтан да оның ойынша, «астыққа байланысты шамамен белгіленген жоғарыдағы мөлшерлер негізгі өлшем бола тұрса да істерді (сотта – Т.О.) қарағанда жалғыз ғана керсеткіш бола алмайцы». Ж.Сәдуақасов Бұл іс бойынша айыпталған адамның астық қорынан басқа табыс табу көзі бар ма, дәлірек айтсақ, оның осы ауылдағы немесе селодағы рөлі қандай және т.6. жақтары ескерілуі тиіс, яғни «мелшерленген шамадан басқм әрбір жеке жағдайда, сондайақ басқа жағцайларда да ескерілетін болады», – деп нақты атап көрсетті.

Дегенмен заң органдарының астық дайындауда мұндай нақты емес көзқарас үстауы көзкелген меншік иесін, яғни тек астық өсірушіні ғана емес, сонымен бірге мал шаруашылығымен айналысатын жекеше шаруа қожалығын да қуғын-сүргінге үшыратуға жол аша түсті.

Мұны жазалау мен айыптауға ұшыраған жекеше шаруалар қожалықтарының өздеріне жасалған әділетсіз шаралар туралы жоғарғы органдарға жазған төмендегі арыз-шағымдары да дәлелдейді.1 [ҚР ОМА. -1380С-Қ., 1т.. 173.. 80, 81, 82, 78-79, 72-73, 77-78, 89-94,96-п.].

Кестедегі екі астық дайындау жылында түскен арыздар сандарын өзара салыстырар болсақ, кедей шаруалар наразылығының жылдан жылға өсе түскені айқын байқалады. Бұл әрине сталиндік «сібір әдісінің» Қазақстандағы нақты салдары еді. Жазалаудың жаппай сипат алғанын сталиндік «сібір әдісі» Қазақстанда белсенді әрекет ете бастаған 1928-29 және 1929-30 жылдардағы екі астық дайындаудағы, сондайақ көктемгі егіс науқанындағы көрсеткіштермен танысқанда нақтырақ білеміз.

Бір ескеретін жай, бұл кестеде аталған үш науқан көзіндегі ет, жүн, мақта және т.б. дайындауларға байланысты кейбір жазалаулар да ішінара еніп кеткен.

Бірақ өздері беріп отырған осы кестедегі мәліметтерге байланысты сот-жазалау органдары кейбір ескертулер де жасайды. Олардың айтуынша, егер сот тәртібімен жазаланғандар саны кестеде едәуір толық керсетілген болса, ал әкімшілік тәртібімен жазаланғандар санының мүңда шамамен 75 проценті ғана қамтылған деуге болады. Сондықтан жазаланған қожалықтардың жалпы саны кестедегі 65 013 санының орнына шамамен 70 000 болып шығады.

Бірақ осы 70 000-ның өзі де жазаланған қожалықтар сандарын нақтырақ бере алмайды. Өйткені бұлардың ішінде «біріншіден, барлық үш науқан кезінде бірнеше рет қайтадан жазалауларға ұшыраған көптеген қожалықтар бар, екіншіден, бұлардың ісі сотқа әрқашанда дерлік әкімшілік тәртіппен жазалаудан соң барып тапсырылатын».

Осыдан келіп, жоғарыдағы жазаланған 70 000 қожалық санын едәуір азайтуға тура келетінін байқаймыз. Сот-жазалау органдарының дәлелдеуінше, мұндай қысқарту әкімшілік тұрғыдан жазаланған шамамен 30 000-дай қожалық санына сәйкес келеді. Бұл пікір шындыққа едәуір жақын. Сонымен жалпы жазаланған қожалықтар санын 30 000-ға азайтсақ, 40 000-дай жазаланған қожалық санын алар едік. Осы соңғы санға сот-жазалау органдары да «біршама шынайы сан» ретінде тоқтайды.

Бұдан көрінетіні, 1930 жылдың бел ортасына дейін, жоғарыдағы екі астық дайындау және егін егу науқандарында жазаланған қожалықтар саны шамамен 40 000 қожалық. Егер сол жылдары Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау органында ауыл шаруашылығы секторы меңгерушісі болған М.Г.Сириустың есебі бойынша, егіншілікпен айналысқан әрбір отбасында 5 отбасы мүшелері болғанын ескерсек, атапған науқандарда 200 000дай адамның өздерінің қожалықтарын және асыраушыларын жазалаудан материалдық және рухани азап шеккендерін байқай аламыз.

Жоғарыда келтірілген кестедегі мәліметтерде тағы бір назар аударар мәселе, жазаланған қожалықтар саны 40 000-ға дейін қысқартылғандықтан және олардың ішінде, қызметтік қылмыстар сот-жазалау органдарының мәліметтері бойынша 2500-дей болғандықтан, әрбір қожалықтан өндіріліп алынған сома қайта қарауды қажет етеді. Өйткені бұл жылдары қызметтік қылмыстар бойынша жазаланғандардың мүліктері тәркілене қойған жоқ. Сондықтан, жазаланғандардың осы тобын есептен шығарып тастасақ, әрбір қожапықтан өндіріліп алынған орташа сома кестеде көрсетілгендей 455 сом емес, одан едәуір төмен болып шығады.1 [ҚР ОМА. -1380-қ., 2т., 297-іс, 119, 109-п.].

Жоғарыда аталған 40000 қожалықтың негізінен бас иелері, асыраушылары сотталғанын целелцей түсетін басқа да мәліметтер бар екенін көреміз. Оларды Ф.И.Голощекин өз сөйлеген сөздерінде бір-екі рет атап көрсетті де. БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының 1930 жылғы 2 қаңтарда болған жабық мәжілісінде ол 1929 жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстандағы астық дайынцау науқанында 30 800 адамның жазалауға ұшырағанын айтса 2 [Қазақстан Республикасы Прөзидентінің архиві (будан былай – ҚРПА) 141-қ., 17т, 348-іс, 147-П.], ал Бүкілқазақтық 7-партия конференциясында (1930 ж. мамыр-маусым) жасаған баяндамасында ол, дайынцау жоспарларын орындамағаңдар (екі астық дайындау және егін егу маусымдарында) туралы бұдан да гөрі нақтырақ деректер берді. Бұл меліметтер төмендегідей:

Сотталғандар ішінде:

1 [VII Всеказахская конференция ВКП(б). Ст. от. Аата. 1930, 84-6.]

Бұл жерде алғашқы айтылған 30 800 деген мәліметтің тек 1929 жылдың 15 желтоқсанына дейінгі кезеңді қамтитынын жене тым жалпылама берілгенін ескергеннің өзінде де оның жоғарыда келтірілген қорытынды санды шамамен керсететінін мойындауға тура келеді. Ал енді келесі 1930 жылғы мамырға дейінгі VII партия конференциясында айтылған мәліметте кезекті 1929-30 жылғы астық даярлау науқаны әлі аяқталмай тұрып берілген. Соның өзінде жоғарыдағыдай әдіспен жалпы жауапқа тартылғандардан әкімшілік жолмен жазаланғандарды қысқартар болсақ, соттапғандардың өзі 34 121 адам екенін көреміз. Бұл дегенің шамамен осыншама шаруалар қожалықтары жазалауға ұшырады деген сөз.

Ал енді бұлардың әлеуметтік құрамына келер болсақ, Ф.И. Голощекин көрсеткен мәліметтен жазаланғандардың 58,0 проценті кулактар, ал 23,6 проценті ауқаттылар екенін көреміз.

Егер сот-жазалау органдары берген басқа құпия деректерді талдасақ, онда бұл мәселені нақтырақ ұға түсеміз. Бірақ заң органдары 1928-29 ж.ж. астық дайындау науқанында жазаланғандардың әлеуметтік құрамына назар аудармаған, сондықтан оларды есепке алмаған. Бұған тандануғада болмас. Өйткені кулактарды анықтайтын «Еңбек туралы зандар кодексі қолданылатын кулактар қожалықтарының белгілері туралы» КСРО ХКК қаулысы тек 1929 жылдың 21 мамырында ғана қабылданғаны белгілі [Коллективизация сельского хозяйства… 163-164 беттер.]. Ал осыған сәйкес республикадағы кулактар мен байлар қожапықтарының белгілері туралы заң 1929 жылғы 10 қазанда ғана қабылданды 3 [Систематическоесобраниөзаконов Казахской АССР… 197бет.].

Көп кемшіліктері бар бұл заңдарда дегенмен тұңғыш рет кулактар мен байлар қожалықтарына қандай қожалықтар жатқызылатыны туралы айтылды. Осыған байланысты заң органдары 1929-30 жылғы астық дайындау және егін егу науқандарында жазаланғандардың әлеуметтік құрамын есепке алды. Осы науқандарда сотталған адамдардың біразының әлеуметтік жағдайлары көрсетілген. Олар төмендегідей 1 [ҚР. ОМА,-1380-қ., 2т., 297-іс, 109-110-п.]:

І.Астық дайындау науқанында

ІІ. Егін егу науқанында

Ф.Голощекиннің меліметінен де, кестеден де көрінетіндей, жазаланушылардың арасында кулактар мен байлардың үлес салмағы басым. Ескерте кетер бір нәрсе, кестеде ауқаттылар деп берілгендер байлар қожалықтары. Қазақстан ОАК-нің және ХКК-нің 1929 жылғы 26 желтоқсандағы «шитті мақтадан шарттасу бойынша міндеттемелерді орындаудан жалтарған байкулактар қожалықтары «ауқаттылар» деп берілген 2 [‘Систематическое собраниөзаконов… 215-216беттер.].

Бұл жерде назар аударар тағы бір нәрсе, кулактар мен байларға қарсы қолданылған осынау жазалау науқандарының өзі де антиконституциялық, әділетсіз шаралардан тұрғанын атап көрсету жеткіліксіз, сонымен қатар жазаланушылар, жапа шегушілер қатарында орташалар мен кедейлер де аз емес.

Қазақстанның ресми заң органдары өздерінің жабық есептерінде, аталған науқандарда «орташалар мен кедейлерді соттаудың» және сот арқылы олардың қасыққа және кесеге дейін мүліктерін «тәркілеудің бірқатар жағдайлары көздесетінін» кейбір округтердің нақты мысалдарымен растай отырып 1 [VII Всеказахская партийная конференция… 152бет.], сонымен қатар мұндай кулакқа қолдан айналдырылып, сотталған орташалар қожалықтары ең аз дегенде 4000 болуы мүмкін екенін мойындай келіп, мүның өзі де өте азайтылып көрсетілген сан екендігін, өйткені Қазақстанның Юстиция халық комиссариатының 1930 жылғы 10 шілдедегі тек 8 округтен ғана алынған толық емес мәліметтерінің өзі Мұндай қожалықтар саны 3130 екенін көрсеткенін атап айтады.

Жоғарыдағы кестелерде назар аударар тағы бір нәрсе, жазаланғандар арасында қызметкерлердің көздесуі немесе қызметтік қылмыстардың орын алуы. И.Сталиннің Сібір сапары қарсаңында кеңес және партия органдарының басшылары егер олар бір аптада «астық дайындауда шешуші өзгеріске» қол жеткізбесе ауыстырылуы мүмкін екенін ескерткені жоғарыда айтылды. Орталық Комитеттің және оның Бас хатшысының мұндай көзқарасы жергілікті жерлерде іс жүзінде қолдау тапты және нақты жүзеге асырылды.

Мұны Қостанай округінен партия ұйымы делегациясын VII Бүкілқазақтық өлкелік партия конференциясына (1930 жылғы мамыр-маусым) бастап келген Тернованың осында сөйлеген сөзінен айқын аңғаруға болады. «Біздің округімізде және ауданымызда, – деді ол, – бір жыл бойына төрағасы қайта сайланбаған бірдебір селолық кеңес жоқ. Бір ауданда селолық кеңестің 8 төрағасы сотталды. Селолық кеңесте қандай бедел бар? – деген сұрақ туар. – Мүлде, ешқандай да. Селолық кеңес Төрағасын сайлаған көзде ол: «бәрібір мені сотқа береді ғой» дейді. Осылайша біздер өзіміздің сот органдарын беделден жұрдай еттік. Біз округтік конференцияда аудандық комитет хатшысы бір жыл отырып шықпаған бірдебір аудандық комитет жоқ екенін айттық. Біз тіптен біздің Затоболь ауданындағыдай кейбір аудандарда 10 айдың ішінде аудандық комитеттің 5 хатшысын орындарынан алған жағдайға көздесіп отырмыз» 2 [VII Всеказахская партийная конференция… 152бет.].

Астық дайындау және егін науқандарындағы мұндай жаппай жазалау БК(б)П Орталық Комитетінің іс жүзінде осы қуғын-сүргін шараларын тікелей ынтапандыруының нақты нәтижесі еді. Мысалы, Орталық Комитеттің Пленумының 1928 жылы 10 шіддеде қабылданған «Жалпы шаруашылықтық жағдайға байланысты астық дайындау саясаты» туралы қаулысы «қаңтарнаурыз айларында дайындау жылының алғашқы жартысында орындалмаған жоспардың есесін толтыруға және 1 сәуірге қарай астық дайындауцы өткен жылцың көлеміне жеткізуге» мүмкінцік туғанын қанағаттана мәлімдесе, ал Орталық Комитет Пленумының 1929      жылғы 17 қарашадағы «1929-30 жылға арналған халық шаруашылығының бақылау сандары туралы» қаулысы басқа шаралармен бірге «астық алыпсатарлығына және кулактың артық астықты тығып тастауына қарсы жазалауды күшейтудің… астық дайындау барысын жақсартқанын» атап көрсетті.

Яғни БК(б)Пның Орталық Комитеті сөз жүзінце алғашқы пленумда «Қандай да болмасын төтенше шараларды қолдану қажеттігін» теріске шығара отырып, шын мәнінде өзінің келесі жылғы қараша айындағы пленумында «кулак саботажына және астық дайындау жоспарын орындауға қарсылыққа қарсы ең шешуші шараларды қолдануды дұрыс деп санады» 1 [Коллективизация сельскогохозяйства… 63, 220, 64, 225беттер.].

Бірақ жергілікті жағдайдың ерекшелігін ескермеген мұндай «төтенше» және «шешуші» шаралар Коммунистік партия басшылығы ойлағандай астық дайындауда толық жеңіске бәрібір жеткізген жоқ. Мұның нақты мысалы – Қазақстан. Партия, кеңес және сот-жазалау органдарының үздіксіз қысымдарына қарамастан мұнда бірінші бесжылдықтың ішінде жыл сайын астық дайындау жоспарлары бәрібір орындалмай қапып отырды. Талдап көрсетсек, бұл жоспар 1927-28 жылы 80,5 процент, сол сияқты 1928-29 – 69,9, 1929-30 – 88,9, 1930-31 – 88,7 процент қана орындалды. Астық дайындауда жылдан жылға үрдіс өрлеу бірінші бесжылдықта да, сондай-ақ екінші бесжылдықа да байқала қоймай, тіптен кейбір жылдары бұл істе едәуір төмендеу бағыты орын алды.

Мұны жыл сайынғы астық дайындау науқандарындағы көрсеткіштен айқын аңғарамыз 2 [ҚР.ОМА. -1848-қ., 19т., 5-Іс, 43, 68-п.; 1179-қ., 1т., 71-іс, 28-п.].

Кестеден көрінетіндей, астық дайындаудағы ең нәтижелі жыл сталиндік төтенше «Сібір әдісі» кеңінен қолданылған 1928-29 жыл. Ал қалған жылдарға келсек, астық дайындау кулактар мен байларды тап ретінде жою, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жап-пай отырықшыландыру, босқындарды шаруашылықтық орналастыру тәрізді төтенше мемлекеттік шараларды орындау барысында жүзеге асырылды. Астық дайындау тәрізді Бұл науқандардың ауыртпалықтары да қарапайым шаруалардың иығына түсті.

Яғни астық дайындаудың сталиндік «Сібір әдісі» шаруаларды жаңадан қалыптасып келе жатқан әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйеге басыбайлы етіп тәрбиелеуге негіз қалады. Рухани жағынан да, материалдық жағынан да күйзелген және мемлекеттік зорлық-зомбылық әдістеріне табанды қарсы тұруға шамалары келмеген шаруалардың қалың бұқарасы енді біртіндеп айтқанға көніп, айдауға жүретін қалың қара тобырға айнала бастады. Бұл сталиншілдердің өз халқына қарсы күрестегі ең басты «жетістігі» болды.

Дереккөз: Т.Омарбековтың “20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті” кітабы.
“Санат” баспасы, Алматы, 1997 ж. 41-62 бб.