«Кулактарды жер аудару» тарихы және еңбек ауылдарын жою

«Кулактарды жер аудару» тарихы және еңбек ауылдарын жою

Худоёров Ноибжон Марипжонович1*
1 Андижан мемлекеттік университеті, Әндіжан қ., Өзбекстан Республикасы
*Автор-корреспондент
Е-mail: noyib1972@mail.ru

Түйіндеме. Мақала жер аударылған адамдарға күштеп еңбек еткізу орындарынан «кулактар» ретінде бостандыққа шығу үдерісі мен мұндай түзету орындарының жойылу тарихына арналған. Мақалада совхоздардан келген кейбір иммигранттар мысалында еңбек иммигранттары мен олардың отбасы мүшелеріне паспорттар беру мәселесі жөнінде кешенді мәліметтер келтірілген. Еңбек иммигрантарын күштеп көшіру кезеңінің шарықтау шегі сипатталып, еңбек еткізу орындарындағы өмір сүрудің қиындықтары көрстеілген. Осы мәселелерді ашуда мемлекеттік архив құжаттары мен осы тақырып аясында мамандардың жариялаған еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, Өзбекстанда құрылған еңбек еткізу орындарындағы арнайы қоныс аударушылардың өндірістік әрекеттері де деректер мен арнайы әдебиеттер негізінде зерттелген. Мұндай дереккөздер әрбір еңбек иммигрантының іс-әрекеті жөнінде, оның өткен өмірде кім болғандығы турасында тиісті ақпараттар береді.

Мақала толығымен →

Дереккөз: “Отан тарихы” ғылыми журналы, №1 (93) 2021 ж.