ШҮЙІНШІ! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТАҒЫ БІР КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ

ШҮЙІНШІ! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТАҒЫ БІР КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ
Алты Алаштан шүйінші сұраймыз. Ұлт ұстазының бір кітапшасын тауып алдық. Кітап осыдан 101 жыл бұрын Ташкенде өңді-суретті (цветной) үлгіде басылған. Бұл ақжарма жаңалық “Жас Алаш” газетінің бүгінгі нөмірінде жарияланды.
Ахмет Байтұрсынұлы И.А. Крылов шығармаларынан аударған «Қырық мысалы» әмбеге аян. Алайда, осы «Қырық мысалдың» ішіндегі бір мысалы – «Маймыл мен көзілдірік» атты шығарма өзі жеке бір кітапша болып шыққанын кім білген?! Мінеки, ғалым аударған құнды еңбектің бір парасы басылым көргеніне 101 жыл өткенде табылып отыр.
ШҮЙІНШІ! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТАҒЫ БІР КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ
«Маймыл мен көзілдірік» атты мысал кітапша 1922 жылы Ташкентте басылған. Түркістан республикасының баспасөз шығарушы мекемесі жағынан басылым көрген бұл жәдігер Ұлт ұстазының көзіндей қымбатты мұра деуге болады. Кітапша өңді-суретті үлгіде басылған. Бас-аяғы 12 беттен тұратын кітапшаның жобасы кісінің көзін тартып, көңіліне түрлі ой салады.
Кітаптың мұқабасында жапа-тармағай ағаш басына өрмелеген маймылдар бейнеленген. «Маймыл мен көзілдірік» атты кітап атынан кейін «И. А. Крылов хикаясынан қазақшалап жазушысы А. Байтұрсынов» деп көрсетілген. Бұл беттің бір жағы жыртылылған болса керек, кейбір сөздердің басқы буыны көрінбей қалған… …
ШҮЙІНШІ! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТАҒЫ БІР КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ
Мақаланың толығын газеттен немесе сайттағы сілтемесінен оқи аласыз. Сілтеме дайын болғанда коментарий терезешесіне салынады. Осы мақаланың тез әрі толық оқырманға жетуіне менен бетер асығып, түнделетіп ақпарат әлеміне көтерген Жақсылық Қазымұратұлына алғысым шексіз.
Ал, шүйіншіні алдымен ұстаздарымыз Айгуль Исмакова, Dikhan Kamzabekuly, Шерубай Құрманбайұлы, Жұбай Орынай, Yerden Kazhybek, Анар Бек, Райхан Имаханбет, Светлана Смагулова, Biyjomart Qapalbekқатарлы кісілер береді деп ойлаймын))