Қазақтың ғана емес, алты алаш баласының қамын ойлаған қайран Әлихан мен Ахмет заңғарларым-ай!

Қазақтың ғана емес, алты алаш баласының қамын ойлаған қайран Әллихан мен Ахмет заңғарларым-ай!
Екі егей тұлға бірге 1926 жылы Кеңес одағындағы елдердің Мәскеудегі кіндік баспасынан шығарған «23 жоқтау» атты ғаламат фольклорлық жинағы теңдессіз құнды дүние. Бір қызығы, аталған кітапта екі ғалым тек қазақтың ғана емес, бауырлас қырғыз жұртының жоқтауларын да енгізген. Қырғызды бауырына тартқан Алаш арыстарының ұлы ұстанымдарын қадіріне бүгінгі таңда қанша қазақ пен қанша қырғыз жетіп жүргені нағайбыл. Бірақ, Алаштың Ахаңы мен Әлекеңі қазақты ғана емес мұсылман түрік баласын, Алты алаштың түп-тұқиянын асқақ махаббатарымен сүйе білді. Оған дәлел де, дәйек те көп. Төменде қырғыздардың Жантай атты батырын жоқтған жырынан үзінді берелік:
6. ЖАНТАЙ
Жетісудан жем жеген,
Жетелі Жантай ер деген.
Қожа Қанай тең деген,
Тең дегенде, Жантай батыр кел деген.
Түбекті найза қопшыған,
Түбінен бері оқшыған.
Қарағай найза қопшыған
Қалыңнан бері оқшыған.
Алты ұрықтың данасы
Хан Жантай айтулы
Қарабек батыр баласы.
Хан Жантайды біз айтсақ,
Не жерінде шаласы?
Алақан жайса – батасы,
Хан Қарабек атасы;
Төменгісі Қоқанға
Үкім айтып жатшы екен,
Хан Жантайдың барында,
Орысқа елші кірші екен,
Ой ақылды білші екен;
Хан Жантайдың барында,
Қалмаққа елші кірші екен.
Былдырлаған қалмақтың
Тілін жүдә білші екен.
Айтулы хан Жантайдың
Мінген аты боз екен.
Қалмақтың ханы Көнтайжы,
Батыр Көнтайжыменен
Қарабек екеуі дос екен.
Қараның ханы хан Жантай,
Бейіске осы кірмей ме?
Ендігілер білмесе,
Ілгергі өлген білмей ме?
Беглер бегі тұсында
Белсеніп шыққан хан Жантай,
Құс бегі тұсында
Құтыра шыққан хан Жантай,
Оны да білер көрелі,
Хан Жантай өзі зәрелі.
Хан Жантайды біз айтсақ,
Абүйірлі ақ жүзді,
Айыр сақал, қылыш мұрт,
Алақан жайса – батасы,
Қияметте жолы ашық.
Иманы кеткен өзіне,
Ырысы қалған ауылына.
Келмесі кеткен өзіне,
Кеңесі кеткен аулына.
Мінген аты кер болған,
Көтергені ту болған,
Тұқымы шеттен у болған.
Ақ қиядан түн қатқан,
Ақ жолбарысқа үн қатқан.
Ақ қияның астынан (қашты)
Ақ жолбарыс тосалық,
Ақ жолбарыстай шамданып,
Ақ сұңқардай шаңыранып,
Хан Жантай, өлді, көшелік.
Қазақтың ғана емес, алты алаш баласының қамын ойлаған қайран Әллихан мен Ахмет заңғарларым-ай!
Қазақтың ғана емес, алты алаш баласының қамын ойлаған қайран Әллихан мен Ахмет заңғарларым-ай!
Қазақтың ғана емес, алты алаш баласының қамын ойлаған қайран Әллихан мен Ахмет заңғарларым-ай!
… … …