Ғарифолла Әнес, “Арыс” баспасының директоры: Бұл аумақта жазықсыз төрт мыңдай құрбанның қаны төгілген
31 Мамыр Саяси қуғын сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Осы азалы күнге орай, 30 мамырда Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан “Саяси қуғын-сүргін құрбандары” музейінде “Азалы жылдар мен азапты жолдар: тарих сабағы” тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды.
Конференцияға еліміздің басқа қалаларынан және шет ел мемлекеттерінен ғалымдар қатысты. Әр ғалым өзінің тәжірибесімен бөлісіп, шығарма жинағы мен кітаптары жарық көрді. 16 кітаптың ашылу салтанаты болды. Саяси қуғын-сүргінде азап шеккен құрбандарды толық ақтау жөніндегі жұмыстармен таныстырды.
“15 гектар жеріміз тұр. Ол жаққа үлкен кешен тұрғызу ойымызда бар. Ол кешенге бздің қазақтың киелі тарихы жиналады және жақында портал ашылады, ол жаққа барлық құрбандардың есімі тұрады. Шамамен 6-7 млн халық.” – дейді Ғарифолла Әнес. Ғалымдардың айтуы бойынша, әлі көптеген архивтар жабық жатыр. “Біздің коммунистік жүйенің ең оңбаған қасиеті адамның өмірі-өмір болмай тұр. Адамды атуға болады, асуға болады. Бірақ бәрінің өлімі әлі күнге дейін құпия” – деп қосып өтті Ғарифолла Әнес.
Назерке Базарбек