1967 ЖЫЛҒЫ ШЫМКЕНТ КӨТЕРІЛІСІ

Кеңестік Қазақстанның Шымкент қаласында орын алған оқыс оқиға Л.И. Брежнев билік еткен дәуірдегі ең ірі бас көтерулердің бірінен саналады. 1967 жылдың 13-14 маусымы аралығында болған Шымкент көтерілісі астарында әлеуметтік себептер жатты. Тоталитарлық билік барынша жасырып, жапқан Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздіктердің тууына халық пен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы қарама-қайшылықтың шиеленісуі, оңтүстіктегі ірі қалада түрме, түзету мекемелерінің, қылмыстың, сотталушылар санының артып кетуі түрткі болды. Кеңестік жазалау аппараты жаппай тәртіпсіздікте белсенділік танытқандарды аяусыз жазалап, міндеттерін тастап қашқан милиция қызметкерлерін де тазартты.

1967 жылғы Шымкент көтерілісі