ҚАЗАҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ: Энциклопедия

ҚАЗАҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ: Энциклопедия. / Бас ред. Ж.Н.Тойбаева. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2015. – 616 бет.

Жинақта ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен қоса көтерілістердің туу себептері патшалық отарлау саясатының іс-шараларымен байланыстырыла көрсетілді. Сондай-ақ қазақ тарихындағы аса көрнекті тұлғалар мен өшпес тарихқа айналған оқиғалар, көтерілістер туралы əр кезеңде жазылған шығармалар жəне 20-ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған Алаш қозғалысының азаттық жолындағы күрес қимылдары да қамтылған. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы жəне олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат тұңғыш рет энциклопедиялық жүйемен бір жинаққа топтастырылып берілген бұл кітап жүрегі халқым деп соғатын барша оқырман қауымға, сондай-ақ ғалымдар мен студенттердің, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының пайдалануына арналған.

Қазақ көтерілістері