ҚОЖЫҚОВ Қ. ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қожықов Қ. Шығармалары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2023. – 356 бет.

Кітапқа алғаш рет Алаш қайраткері, ағартушы, саяси қуғын-сүргін құрбаны Қоңырқожа Қожықовтың (Ходжиковтың) (1880 – 1938) қаламынан туған төл еңбектері топтастырылып отыр. Жинаққа Әлиасқар Қасымов және Шәді Жәңгірұлымен бірге жазған «Русие патшалығында Романов нәсілінен хүкимранлық қылған патшалар тарихтары» атты тарихи жыры мен қазақ мектебіне арналған «Әліппе» кітабы және «Ақ жол» газетінде жарияланған мақалалары енгізілді. Ағартушы Қ. Қожықов туралы жан-жақты мәліметтер осы кітаптың жалғасы есепті келесі томда жарық көрмек.

Енбек мәдени жане рухани мұраға қызығатын қалың оқырман қауымға арналған.

ТегтерҚожықов