НАҒЫМҰЛЫ Ш. Мұрат ақын мұрасы: зерттеу мен мәтіндер

НАҒЫМҰЛЫ Ш. Мұрат ақын мұрасы: зерттеу мен мәтіндер. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2023, – 280 бет.

Биылғы жылы қазақтың жалаугер ақыны, жыр жампозы, Ноғайлының асып-төгілген алдаспан мұрасы мен Махамбеттің толағай толғауларын бізге табыстаған Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толып отыр.

Тарихшы-ғалым, тәлімгер-ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ш. Нағымұлы осы мерейтойға орай өзінің талай жылдан бері зерттеп келе жатқан тақырыбын қорытындылап, мақалаларын бір кітаптың аясына топтастырған. Зерттеудің ерекшелігі – кітапта Мұрат ақын шығармашылығы тарихи тұрғыда зерделеніп, ақын туындылары, әсіресе оның данқты дастандары мен тасжарған айтыстары өткен дәуірлердің жырда хатталған шежіресі ретінде сөйлейді.

Кітап көпшілік қауымға, оның ішінде Отан тарихына, ұлттық құндылықтарға кызығушы оқырмандарға арналған.