Есмағамбетов К.Л. Түркістандық әскери тұтқындар: Құжаттар мен материалдар жинағы. Туркестанские военнопленные: Сборник документов и материалов

Есмағамбетов К.Л. Түркістандық әскери тұтқындар: Құжаттар мен материалдар жинағы. Туркестанские военнопленные: Сборник документов и материалов. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2019. – 296 бет.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік Германияның концлагерлерінде миллиондаған соғыс тұтқындары жойылып жіберілді. Азапты тұтқыннан аман қалып, елге оралғандардың өзі талай жылдарын сталиндік лагерьлерде өткізді. Уақытында соғыс тұтқындарының тағдырын зерттеу мен зерделеу жабық тақырып болғандығы белгілі. Көрнекті тарихшы, зерделі зерттеуші Көшім Есмағамбетовтің (1938 – 2016) бұл еңбегінің осы олқылықтардың орнын толтырудағы маңызы зор деп ойлаймыз.

Кітап ел-жұрт тарихын, шерлі шежіресін жанына жақын тұтатын барша ұлтшыл оқырмандарға арналған.