Н. Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Монография / – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2021. – 424 бет.
Монографияда қазақ сөз мәдениеті тілдік аспектімен қатар, коммуникативтік-прагматикалық , когнитнивтік және лингвомәдениеттік, этикалық және лингво- экологиялық тұрғыдан қарастырылып , қазақ сөзінің коммуникативтік сапаларын объективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін құрайтын концепциялық тұжырымдар ұсынылды. Тілдік тұлға сөз мәдениетінің іргелі түпқазық ұғымы ретінде қарастырылып, оның сөзі вербалды және когнитивтік әрекеттердің нәтижесі, тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің когнитивтік құрылымы ретінде зерттелді. Қазіргі уақыт талабына сәйкес сөз мәдениеті саласына жүктелетін тілдің өміршеңдігі (vitalus), тілдік кеністікті, тілдік ортаны, тілдік тұлғаның ұлттық болмысын сақтау, өзге тілдің басқыншылығына қарсы тұру (лингвоэкология) мәселелері сараланып, талданып берілді.
Монография ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, докторанттарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ осы саламен айналысып жүрген көпшілік қауымға арналған.