Н. Уәли. Қазақтың дәстүрлі сөзсаптамы: тілтанымдық үзіктер

УӘЛИ Н. Қазақтың дәстүрлі сөзсаптамы: тілтанымдық үзіктер. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2020. – 208 бет

Жинаққа филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Уәлидің 1970 жылдардан бері қарай баспасөзде, жинақтарда жарияланған қазақ сөзсаптамы, сөз мәдениеті, әдеби тіл нормасы, тіл заңдылығы, тіл тазалығы және т.б. мәселелерін сөз еткен мақалалары енгізіліп отыр. Еңбек «Қазақ тілі дәстүрлі сөзсаптам үлгілерінің прагматикасы» АР08856640 атты мемлекеттік грант аясында шығарылды. Кітап филолог мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттар мен студенттерге, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ оқушылар мен жалпы көпшілікке арналған.