Жетісу: Қазақ байларын тәркілеудің барысы мен салдары

Жетісу: Қазақ байларын тәркілеудің барысы мен салдары

ОРАЗОВ Р.Е.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының ғылыми қызметкері

Аннотация
Мақалада 1928 жылы Жетісу жеріндегі байларды тәркілеу науқанының барысын мұрағат құжаттары арқылы қарастырылады. Автор мақалада Жетісу өлкесіндегі байлардың тәркілеуге ұшырап, Орал өңіріне жер аударылғандағы аянышты тағдырларын, олардың жоғарғы билік орындарына жазған арыз шағымдарын бұрын айналымға енбеген деректер арқылы ашып көрсетеді. Сонымен қатар байларды тәркілеу науқанымен қатар басталған шекаралық аймақ тұрғындарының жаппай Қытай жеріне көшу мәселелерін де құжаттар негізінде анықтаған.

Түйін сөздер: Жетісу, Батыс Қытай, ОГПУ, тәркілеу, бай, би, болыс

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ даласындағы жүргізілген ірі байларды тәркілеу науқаны дәстүрлі қазақ қоғамына жасалған ауыр соққының бірі еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тәркілеу науқанына қатысты ондаған ғылыми диссертациялар қорғалды. 1997 жылы С. Мұқтарұлының «Кәмпеске» атты еңбегі және 2013 жылы «1928-1934 жылдардағы қазақ ауылының тағдыры» атты құжаттар жинағының бірінші томы (1928-1929 жылдың сәуірі) жарық көріп көпшілік назарына ұсынылды. Дегенмен де қорғалған диссертациялар мен жарық көрген еңбектерді парақтағанымызда Жетісу жеріде жүргізілген тәркілеу науқаны туралы нақтылы әрі жүйелі мұрағаттық дерек кездестіре алмадық. Сонымен, 101 Жетісудағы тәркілеу науқаны басқа аймақтардағыдай болмады ма деген оймен мұрағат материалдарын саралағанымызда көп нәрсе зерттеушілер назарынан тыс жатқанына көзіміз жетті.

Мақала толығымен →

Дереккөз: 2015 жылғы “Отан тарихы” журналының №1 саны