Ірі байларды меншігінен айыру және оның зардаптары
20-жылдардағы қазақ байларының қоғамдағы әлеуметтік орны туралы мәселе тел тарихымызда жаңаша көзқарасқа мұқтаж болып отыр.
Бұл міндетті шешуді Қазақстанда кеңес өкіметі орнаған жылдары қазақтың қан-шасы бай және қаншасы кедей еді? – деген сауалға жауап іздеуден бастаған жөн. Осы орайда төмендегі кесте біраз нәрсені аңғартқандай 1 [Материалы к отчету ЦИК Казахской АССР на 3 сессии ВЦИК 13го созыва. ЦИК Казахстана. Кзыл-Орда, 1928, 18 бет.]:
Кестеден көрінетіндей, 1928 жылға қарай қазақ ауылындағы кедей мен батырақ халықтың алпыс процентке жуығы болған. Ал жуан білек, салтанатты да сәулетті тұрмысы бар, әлді де мұқтажсыз шаруаның қазақ ауылындағы үлес салмағы да шамалы. Сондай-ақ 50 бастан жоғары малы бар ауқаттылар қазақтар арасында бір проценттен сәл ғана асып түседі.
Жоғарыда айтылған байлар да осы соңғылардың ішінде.
Байлардың қазақ ауылындағы үлес салмағы өте аз бола тұрса да малдың дені осылардың қолында болды дегендей пікір тарихшылар арасында күні кешеге дейін орын алып келді. Жаңа зерттеулер шындықтың басқалашау екенін көрсетеді. Азамат соғысынан кейін көп кешікпей-ақ ашаршылыққа ұрынған қазақ ауылында 1922 – 1923 жылдары қырық тұяқтан асатын малы бар ауқатты қожалықтар барлық малдың 1,5 процентіне ие болса, 1926 – 1927 жылдары осындай қожалықтар Қазақстандағы барлық малдың 14,8 процентіне иелік етті1 [Абылхожин Ж. Б. Традиционная структура Казахстана. Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930-е гг.). 134-135беттер.].
Ал енді бұл ірі қараға шаққанда қанша болатынын есептеп көрейік. Осы орайда «Малдың бір түрін екінші түріне аудару коэффициенті туралы» Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы шідденің 30-ында жарық көрген қаулысын басшылыққа аламыз. Бұл бойынша, бес қой, сондай-ақ алты ешкі бір қара малға теңестірілген 2 [Систематическое собрание законов Казахской Автономной Совөт-ской Социапистической Республики, действующих на 1-оеянваря 1930 г. (6 октября 1920 г. -31 декабря 1923 г.), 78 бет.].
Сонда қазақтар «доңыз» деп есепке қоспайтын шошқаны шығарып тастағанда, 1927 жылы, яғни қазақ байларын тәркілеу (конфискация) қарсаңында Қазақстанда (Қарақалпақстан мен Адай округін есептемегенде) 16632,7 мың бастай ірі қара мал болған 3 [Материалы к отчету Казахского Краевого Комитета ВКП (б) на VII Всеказахской Партконференции. Только для членов ВКП (б). Апмаата, 1930. 2 бет.]. Мұның 14,8 проценті, яғни 2461,6 мыңы қырық тұяқтан артық малы бар қазақ қожалықтарының үлесіне тиеді, яғни екі жарым миллионға (ірі қараға шаққанда) жетер-жетпес осы мал ауқаттылар қолында шоғырланды да, қалған он төрт миллионнан асатын мал әлді шаруаның, кедейдің, қара шаруаның, жарлының, қарашаның және т.б. меншігіне жатты. Қазақта ірі байлардың көп болмағанын 1928 жылы жүргізілген тәркілеу нәтижелері де дәледдейді.
Үкімет дерегі бойынша, тәркілеу 696 қожалықты қамтығаны белгілі. Ап соңғы кездегі зерттеулар олардағы байлар санының мыңнан асып кететінін көрсетті. Ресми мәліметті талдасақ, оның ішінде алғашқы топқа, яғни ірі байлар қатарына 562, ал екінші топқа 134 қожалық жатқызылды. Дегенмен алғашқы топтағылар да түгелдей ірі байлар емес еді. Бұлардың біразы тек қазақ хандарының, датқаларының және билерінің тұқымдары болғандары үшін тәркіленді. Көрнекті дін басшылары болғаны және Алаш қозғалысына қатысқандары үшін айыпталғандары да бар. Тәркілеуге ұшырағандарды әлеуметтік жағынан нақты жіктеп көрсетсек, ол төмендегіндей болып шығар еді: а) болыс басқарушылар, хандар, датқалар және т.б. тұқымдары – 24; ә) атқамінерлер, ақсақалдар, билер (бұрынғы соттар) – 76; б) молдалар, ишандар және т. б. – 8; в) бұрынғы алашордашылар және чиновниктер – 44; ірі мал иелері және ауылды кеңестендіруге қарсы болғандар – 323. Осы тәркіге ұшырағандардан ірі қараға шаққанда барлығы 144 474 бас мал тартылып алынды. Мұның ішінде тәркіленген малдарды әртүрлі аудандардағы жеке қожалықтарға бөлер болсақ, төмендегідей есеп шығады:
Келтірілген кестеден мынаны байқауға болады: орта есеппен әр қожалыққа шаққанда мыңғырып жатқан қисапсыз мал жоқ. Көшпелі қожалық үшін 290 бас ірі қара көп емес. Қазақтың сөзімен айтсақ мұңдай мал – «бір жұттық».
Сонымен, ірі қазақ байларында айтарлықтай көп мал болмағанын тәркілеу нәтижесі көрсетіп берді. Ал енді ірі қазақ байларының малдан басқа дұние-мүліктерінің көлемі қандай еді? – дегенге келсек, оны да тәркілеу нәтижелері көрсетіп бере апады. Бұлардың Қазақстан бойынша жалпы тізімі төмендегідей: Киіз үй, жер үй, кілем, текемет және т.б. 1327 дана; соқа – 108; тырма – 113; буккер – 29; пішен шабатын машина – 246; ат тырма – 161; сеялка – 4; егін оратын машина – 34; астық басатын машина – 2; бидай суыратын машина – 25; тегістегіш – 6; шанақты және үлкен арбалар – 1376; ат әбзелдері – 329; сүт тартатын машина –19 I [ҚРОМА. – 5 с-қ., ст., 15-іс, 46, 54, 59-п.].
Яғни барлығы 3779 дұние-мүлік, зат тәркіленген. Әрине, бұл көп емес. Европа немесе Ресей тәрізді елдердегі XX ғасырдың алғашқы көзеңдеріндегі ауқатты, бай шаруалармен салыстырғанда қазақ байларының тұрмысы әлдеқайда жүдеу. Ал ең басты байлық малдың саны болса, ол жоғарыдағыдай.
Қазақ қоғамының рулық-туыстық принциптерге негізделуі және қазақ байларының жерді меншіктенбеуі, олардың ерекше байлық көрінісі – сәулетті де салтанатты сарайлар салумен әуестенбеуі, негізінен киіз уйлерде тұрып, өзінің кедей туысы тәрізді көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс кешуі қазақ қоғамындағы әртүрлі әлеуметтікжіктер мен топтардың өзара антагонистік қырғи-қабақ және ашықтанашық жауласуына жол бермеді.
Кезінде мұны байқаған және осыған байланысты өз пікірлерін айтқан ғалымдар, саяси қайраткерлер болды. Мысалы, профессор Кушнер қазақ ауылында тап күресі ершіп тұр дегенге қарсы өз пікірін былай деп жазды: «Мен тап күресін және әлеуметтік таптарды босқа іздеппін, нақты тап түсінігіне сәйкестікті іздедім, бірақ таппадым»1 [ЗверяковИ.А. От кочевания – к социализму. 42 бет.].
Қазақ қоғамындағы ауқатты мен қара шаруаның тұрмыстағы айырмашылықтарының шамалы екенін, ал бұл олардың өзара қарым-қатынасында елеулі рөл атқаратынын 1926 жылы Е.Полочанский де жазған еді. Ауқаттылар, Е.Полочанскийдің ойынша, «өзінің материалдық қамтамасыз етілуі жағынан көп жағдайда өзінің кедей ағайынынан әрдайым едәуір тамағының тоқтығымен, біршама жақсы киінгендігімен, лашықта емес, жұпыны қыстауға тұратындығымен ғана ерекшеленеді және тіптен ашыққандардың да қызғанышын туғыза қоймайды». Ал қазақ ауылындағы байлар мен ауқаттылардың үлкен ұйымдастырушылық беделін байқаған Е.Полочанский ары қарай былай деп жазды: «Бұқарада таптық сананың мүдде болмауы жағдайында, ол (атқамінер), жайылымдық мал шаруашылығы жағдайында, ешқандай қанаушы ретінде емес, керісінше шаруашылықтық рулық ешқандай қалыптасқан қоғамның орны толмас және пайдалы мүшесі ретінде құрметтеледі» 2 [Полочанский Е.А. За новый аулкстау. 11 бет.].
Мәшһұр Жүсіп Көпеев жинаған халық әдебиетінің үлгілерінде:
«Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар.
Төрөнің жаманы
Төлеңгітпен кас болар!»
– деп келетін жолдар немесе:
Жемесе де май жаксы,
Бермесе де бай жаксы…
Керпе салып төрге алган,
Уызы арылмаған байлардың сапаматтығына’ 1[Көпеев М.Ж. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Екі томдық. 2 т., Алматы, 1992. 54, 41 беттер.]
– деп келетін халықтың ақ бата беру дәстұрі жоғарыдағы пікірлерді растай түседі.
Кезінде қазақ қоғамын жақсы білетін алаш интеллигенциясының да осындай көзқараста болғаны белгілі. Бірақ Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының: «Қазақтарда бай мен кедейдің арасында таптық қайшылық жоқ; оларда рулық мүдде немесе жалпықазақтық мүдде таптық мүддеден басым түсіп жатады» – дегендей пікірлері кейіннен, большевиктер тарапынан «реакциялық теория» ретінде өткір сынға алынды 2 [Тогжанов Г. Буржуазные и мелькобуржуазные теории об ауле. – «Народное хозяйство Казахстана». – № 5, 1931, 22-28беттер.]. Өйткені Қазақстандағы голощекиншілдер большевиктердің көсемі В.И. Лениннің антагонистік таптар өмір сұретін қоғамға арналған теормясын рулық қауымдастықтан әлі арылмаған қазақ ауылына қолдануға күш салды.
Ап енді Қазақстан үшін феодализм қоғамын еншілеп алсақ, мынаны байқар едік: жиырмасыншы жылдары қазақ даласында толыққанды, маркстік-лениндік үлгідегі феодал табы болған жоқ. Мұны голощекиншілдер өздері де іштей мойындап, 1928 жылы тәркіленген ең ірі қазақ байларын: «Крупный бай – полуфеодал», – деп сипаттады. Иә, толық феодал емес, жартылай ғана феодал. Бұлар да көп емес, үш жүзден сәл асады. Қазақ байы толыққанды феодал болмағандықтан да қазақ шаруалары крепостниктік правоның қамытын киген жоқ.
Рас, қазақ ауылында мүдде малы жоқ жалшы да кездесті. Мұндайлардың республиканың жеті округінде 2559 қожалық (15354 адам) екені тәркіленген малды тарату кезінде анықталды 3 [3 ҚР ОМА. – 5-с-қ., 21т., 15-іс, 60-п.]. Бұл әрине көп емес. Ал енді қазақ ауылындағы қара шаруа, кедей, қоңсы, жалшы, малай, қойшы тәрізді әлеуметтік топтардың, бір сөзбен айтқанда, қазақ кедейлерінің, негізінен бірлі-жарымы болса да мал ұстап, өз күндерін өзі көргенін және өздерінің материалдық мұқтаждықтарын бай көршілерінің немесе туыстарының малын бағу, оларға өз еріктерімен жалдану есебінен толықтырып отырғанын айта кеткен жөн. Бай мен кедейді өзара жақындастыра түскен тағы бір басты нәрсе – көшпелі өмірдің қиыншылықтары болды. Табиғаттың әртүрлі, тіптен күтпеген, кездейсоқ кедергілері көшпелілерді күтіп тұрды. «Оның үстінде өз малыңды жалғыз бақпай, басқалармен бірге өсіру қауіпсіз ғана емес, тіптен тиімдірек»1 [Полочанский Е.А. За новый аулкстау. 12 бет.].
Қазақ халқының көшпелі өмірі және меймандос, қонақжай психологиясы қазақ байы қожалығының марксистер айтып жүрген, қосымша құн өндіретін қанаушы шаруа-шылық деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Мұны Қазақстанда Әлихан Бөкейхановпен бірге зерттеу жүмыстарын жүргізген профессор С.П. Швецов өзінің 1927 жылы мамырдың 28-інде жарық көрген «Кработам экономического отряда Казахской экспедиции. Бюджетное обследо-вание» деген ғылыми мақапасында дәлелдеді де. Онда мынандай жолдар бар: «Шаруашылықтарының даму деңгейі Якутиядағыдай немесе Қазақстандағыдай кейбір халықтар, біздің көзқарасымызша, аса кең ауқымы және өзіндік пішіні бар меймандостықпен ерекшеленеді. Қазақ қожалықтарын зерттегенде осы ерекшелікке тоқтамауға болмайды».
Қазақ қожалықтарын бес экономикалық топқа бөліп зерттеген профессор Швецов: осы меймандостыққа байланысты қазақ қожалықтары неғұрлым ауқатты болса, соғұрлым олардың тауарлылығы төмен болады, – деген қорытындыға келеді. Оның пікірінше, «экономикалық топ жоғары болған сайын, ондағы меймандостықтың да маңызы біршама үлкен». Бұл жерде той-томалақ, ас беру тәрізді дәстұр-салттарды өткізуде және рулық қауымдағы кедей-кепшіктің күн көрісін қамтамасыз етуде ауқатты бай қожалықтардың басты рөл атқаратыны айтылып отыр. «Тағы бір қызғылықты ерекшелік, – деп жалғастырады ойын С.П. Швецов, – экономикалық топ жоғары болған сайын, ондағы қорлану әлсіздене түседі; ал жоғарғысында тіптен кему байқалады» 2 [С.П. Швецовтың еңбегінен үзінділер мына кітап бойынша беріліп отыр: Отчет казахского краевого комитета VI всеказахской партконференции. Докл. и закл. слово тов, Голощекина… 67, 70, 69 беттер.]. Осы зерттеулері негізінде С.П. Швецов онсыз да тауарлылығы, қорлануы төмен ауқатты қожалықтарға үкіметтің салық салу тәртібі ауыр соққы болып тиетінін дәлелдеп берді.
«Егер аталған топтардағы әр қожалықтарға келетін салықтардың орташа сомасын алар болсақ, онда мынандай қатар щығады:
I топ-1, 16, II-5, 76, III-31,0, IV-41, 76 және V-77,5 сом. Қожалық тобы неғұрлым жоғары болған сайын салық та өсе түседі және бұл қысым үшінші топтан бастап күшейе береді».
Әрине, Ф.И. Голощекинге ғалымның мұндай пікірі ұнаған жоқ. Ол Швецовтың нақты өмір ақиқатын бейнелейтін мұндай зерттеулерінен әдейі бұрмаланған қорытынды жасап, Швецов салықты байға аз салып, ал кедейге көп сал деп отыр; ол Ә.Бөкейханов екеуі осылайша «кедейді, қазақ халқын жаныштауды, байдың өркендеуін қалайды» деп те соқты 1[Отчет краевого комитета VI Всеказахской Партконференции. 69–70 беттер.].
Аталған партия конференциясының стенограммасы Ф.Голощекиннің бұл пікірлерін осында қатысып отырған тап күресі идеясымен уланған тобырдың мәз болып қуаттағанын көрсетеді. Қазақтың бай қожалықтары қатарына кедейлерді теңеуге шақырудың орнына, байлардың көздерін мүдде жойып, елдің бәрін «орташа» етуді, яғни жұпыны тұрмысқа көшіруді көздеген голощекиншілдер бұл бағыттарының көп кешікпей байларды ғана емес, қазақ халқын жаппай қырғынға ұшырататынын түсінуге қабілетсіз.
Әрине қазақ қоғамында байдың үстем рөл атқарғаны, сондықтан да әлеуметтік теңсіздік орын алғаны даусыз. Бірақ бұдан «қазақ байы қара басының қамын ғана күйттеген, өзінің рулас кедей туысын айлакерлікпен қанаудан, сөйтіп баюдан басқа нақты мақсаты болмаған, қаныпезер, қатыгез де тасбауыр, кейде тіптен қанішер еді» деген қорытынды тумаса керек еді. Жағымсыз қасиеттерді, оспадар мінез-құлықтың бәрін тек байлар ғана өз бойларына жинақтағаны ма? Өкінішке қарай, сонау Ф.Голощекин заманынан кұні бүгінге дейінгі кеңестік әдебиетте, қоғамдық ғылымдарда және өнерде қазақ байлары туралы дәл осындай жағымсыз, біржақты және жартыкеш көзқарас қалыптасты. Ал енді мәселеге объективті тұрғыдан қарар болсақ, халыққа әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағыдай қазақта Қарабай тәрізді сараң байлар ғана емес, Сарыбай тәрізді жаны жайсаң, жомарт та дарқан байлар да болғаны, қазақ байларының да өз халқыныңұлы екеңдігі, сондықтан қазақ хапқына тән имандылық, кеңпейілділік пен ақкөңілділік және жоғарыда орыс профессоры С.П. Швецов айтқан меймандостық қазақ байларына да тән болғаны шындық.
Айта кеткен жөн, қазақ байларының осындай игі қасиеттерін С.П. Швецовтан басқа орыс ғалымдары да мойындаған еді. Енді сол оқымыстылардың бірі, 1928 жылы Қазақстанда совхоз құрылысын өркендету мақсатымен арнайы жұмыс істеген экспедиция мүшесі профессор В.Налимовтың өзінің «Результаты антрологоэнтологического и антропогеографического исследования Казахстана» деген еңбегінде айтылған пікірін оқып көрелік:
«Қырғыз (қазақ – Т. О.) кедейге байдан қол үзу аса қиын… және… байларды әділ бағалаған жөн – олар кедейлерге қамқор бола біледі. Олар бұларға арнап жазда мерекелер, ат жарыстарын, бәйге үшін күрес ұйымдастырады. Жазға салым бай кедейге сиыр береді… байлардың айналасында көптеген кедейлер тамағын асырайды…. Қиын шақтарда, бай кедейді қыспақтан құтқарады. Қорғаушысы болып күреседі және егер ол қыздар мен келіншектерге қырындап, ерлік жасағаны үшін ұсталып қалса, оның орнына айып та төлей салады. Саудагер қарызды кедейге егер ол үшін бай кепілдікке жүрсе, бере береді. Меймандостыққа кейбір байлардың жыл сайын 300-500 қойы жұмсалады. Байдың жебеушілігі соншалықты кең таралған: ол тіптен әке, ал кедей аузынан емшек сүті кетпеген сәби тәрізді… Байларда өзіндік саяси даналық та бар: ол бірнеше қойшы ұстап және оларға жақсы төлеп, ал қалғандарды мүдде жұмыссыз қалдыра алмайды; бұл ежелгі дәстүр бұзылса жұмыссыздар арасында үлкен реніш туар еді… Бай өзінің мүддесін, қалай десе де, «өзінің дастарқанынан сарқыт ішетін» кедей мүддесімен байланыстырады. Бай неғұрлым ауқатты болса, кедей жарқын өмір сұреді – оған тиер сарқыт та мол»1 [Үзінді мына кітап бойынша беріліп отыр: Зверяков И.А. От кочевания – к социализму. 48-49 беттер.].
Бұл жерде профессор В.Налимовтың шындықты айтып отырғанына күмән туғызу артық болар. Мысалға оның қазақ ауылындағы жұмыссыздықтың кең өрістеп кетуіне кедергі болып отырған ауқаттылар қожалықтары деген пікірі сол кезеңнің ақиқаты. Егер осындай тежеуші фактор болмаса Қазақстандағы жұмыссыздар саны 12,6 мың адамнан1 әлдеқайда көп болар еді.
Профессор Налимовтың Қазақстандағы зерттеу жұмыстары қазақ байларын тәркілеумен сәйкес келгендіктен ол осынау күрделі процеске деген әділ көзқарасын да батыл айта кетті. «Жергілікті қырғыз (қазақ – Т. О.) өкіметінің саясаты келте болып шықты: ол байларды қайыршылыққа ұшыратқысы келіп, олардың малын тәркіледі және егіншілік ұжымдарына берді. Бұл бие мен інгеннің сүтін ішкен қырғыздың мүддесінің шырқын бұзды… Сондай-ақ бай мен қырғыз кедейі арасында елеулі симбиоз бар. Көшпелі қырғыз кедейлері түгелдей байларды жақтайды». Бұл – қазақ өмірін шұқшия зерттеген, саясатпен уланбаған ғалымның сөзі. Осыған қарамастан қазақ ауылын тап күресі соқпағына түсіре алмай әлек болып жүрген голощекиншіл «идеологтар» Налимовтың еңбегін «контрреволюциялық еңбек» деп біржақты қабылдап, оған шабуыл жасады 2 [Зверяков И.А. От кочевания – к социализму. 43-48 беттер.].
Налимов пікірінің растығын өмірдің өзі дәлелдеді. 1929 – 1931 жылдары Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік әкімшіл-бұйрықшыл жүйеге қарсы қазақтардың ұлтазаттық қозғалысы кезінде қазақтың 1928 жылы тәркілеуге ұшыраған игі жақсыларының – хандардың, сұлтандардың, билердің, төрелердің, байлардың тұқымдары мен қаратабан қазақ кедейлері тағы да тізе қосып, ынтымақты көтерілді. Жөргегінде тұншықтырылған бұл баскөтерулер қазақ үшін таптық бөлінуден гөрі туыстық, ағайыншылық және ұлттық мүдде әлдеқайда жоғары тұрғанын тағы да дәлелдеп берді. Ұлтынан, руынан безген бәлеқор, имандылықтан жұрдай шолақ белсенділер рухани азғындаған «көбік» болатын. Мұндайлар барлық халықта кездесетіні тарихтан белгілі.
Қазақ ауылындағы бай мен кедейдің күнделікті тұрмыстағы шаруашылықтық қарым-қатынастарын тек біржақты таптық тұрғыдан бағалау да тарихи шындықты толық бейнелей алмайды.
Байдың шаруаға атмай, сауын берулерін тек баюдың жолы, кедейді алдарқатып, оны қанау деп біржақты сипаттау да дұрыс емес. Қазақтар «сауынның» немесе «атмай» мен «көлік майдың» не екенін жақсы біледі. Қазақ қоғамында рулас туыстар бірге көшіп, бірге қонып жүргені мәлім. Ауқатты ағайынның кедей туысына қарайласуы «ауылы бүтінді аман де, елі бүтінді есен де» деген қазақтың қонақжай да қамқоршы, жомарт пиғылынан туған еді. Арендалық қатынастардың сол жылдардағы көрінісі – сауын малы жоқ немесе малы аз жарлының белгілі бір мерзімге ағайыннан сүтін, қымызы мен шүбатын сауып ішу үшін інген, бие не сиыр алуы. Кейбір тарихшыларымыз осы «сауынды» кезінде кедейді қанаудың бір түрі етіп көрсетуге күш салды 1 [Турсунбаев А.Б. Победа колхозного строя в Казахстане. 20 бет.].
Сауынға, сауып сүтін ішуге керек малды ауқатты қазақ өзінің рулас кедей туысына көмек ретінде берді. Байлар ешкімге ешқашан «менің малымды сауынға сауып ішуге ал», – деп қысым зорлық жасаған жоқ, өйткені оны бергеннен байдың түсіретін нақты пайдасы шамалы еді. Жайлауда мыңғырған малдың сүті далаға босқа кетіп жатқан жоқ па? Оны өңдейтін қазақ ауылында сепаратор машина да саусақпен санарлықтай болатын (жоғарыдағы тәркілеу жадығаттарын қараңыз). Аузы аққа жарымай жүрген кедей ауылдасқа қарайласуды қазақ ешқашанда жаманшылыққа жорыған емес.
Әрине өз кезегінде қол ұшын беріп отырған бай туыстасына қарыздар болып қалмауға тырысып, жарлы да оның шаруашылығын өркендетуге қолынан келген көмегін беріп бақты.
Ал енді «атмай» немесе «көлік май» да осындай. Көлігі жоқ қазақ ауқаттылардан жылқы немесе түйе сұрап мінді, арбаға жекті. Мұнда да сауындағыдай міндетті түрде белгілі бір ақы төлеу талап етілген жоқ. Бірақ малды арендаға алған қазақ қажет жерінде өзінің ауқатты ағайынының шаруасына қолғабыс жасап, малын бағып, шөбін шабысып дегендей қол үшын берді.
Қазақ байлары малды кедейден күшпен тартып алған жоқ. Мал атадан балаға мұра болып қалған байлық еді. Ал барымтада бір бай екінші байдың малын тартып алды. Оның әртүрлі себептері де бар. Сондықтан қазақ байын жақсылық атаулыдан жұрдай, имансыз да сараң, қатыгез де қанаушы етіп тарихымызда біржақты бейнелеу әділеттілік емес жене тарихи шындықты бере алмайды деп ойлаймыз.
Жоғарыда айтылған «сауын» мен «атмай» тәрізді арендалық қатынастарда байлардың жомарттық немесе жанашырлық танытып, уақытша белгілі бір мерзімге (қазіргі тілмен айтқанда, арендаға) берілген малды кедей туысына біржолата басы бүтін беріп жіберуі де кең орын алды. Яғни «сауын» және «атмай» терізді ауылдағы арендалық қатынастар түрін басқаны қанау есебінен пайда көздері деп біржақты сипаттау дұрыс емес.
Біздің бұл пікіріміз тарих үшін жаңалық емес. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы 1919 жылы қазақ халқын Кеңес өкіметін колдауға шақырған үндеуінде былай деп жазды. «Қазақ халқы коммунизмге ешбір қиыншылықсыз енеді. Қазақ халқы «коммунизм» идеясын елдің бәрінен бұрын қабылдайды, өйткені оның күнделікті тұрмысында қазірдің өзінде коммунизм идеясы, дәлірек айтқанда, қазақтардың елдің бәрін тегін сыйлауы, байлардың өздерінің тумалас кедейлеріне тегін көмек (сауын, атмай және т.с.с.) көрсетуі жүзеге асырылуда; қазақтарда рулық мүдде жалпыға ортақ» 1 [Зверяков И.А. От кочевания – к социапизму. 42 бет.].
Таптық жіктелуге емес, ағайыншылыққа, бауырласуға шақыратын осындай пікір голощекиншілдерге ұнаған жоқ. Көшпелі шаруашылықты шебер жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жолын меңгерген қазақ қоғамының еті тірі және пысық тобы – байлардың көзін жоймайынша, қазақтарды дамудың басқа жолына түсіру мүмкін еместігін Голощекин жақсы түсінді. Көп кешікпей-ақ 1927 жылы жергілікті кеңестерді сайлау кезінде байлар дауыс беру құқығынан айрылды. Бірақ бүған Голощекин қанағаттана қоймады; оның басты мақсаты – байларды түптамырымен жойып жіберу болатын. Мәселенің күрделілігі және оның күн тәртібіне шұғыл қойылуы жағдайды ушықтырды. Бұл мәселеде Қазақ өлкелік партия комитеті басшыларының өзінде де ауызбірлік бірден орныққан жоқ.
Қазақ халқын әлеуметтік апаттан аман алып қалуды ойлаған Смағул Сәдуақасов және оған ниеттестер қазақтың ең ірі байларына қарсы қатал шаралар қолдануға қарсы болып, оларды салық саясатымен тежеуді ұсынса, керісінше Ораз Жандосов және басқалары өздері «рушыл, жартылай феодалдар» деп атаған ең ірі байларды ғана емес, күллі қазақ байының көзін жоятын батыл саясат жүргізуге шақырды. Ал Сүлтанбек Қожанов тек ірі жартылай шонжарларға қарсы шешуші шаралар қолдануды мақұлдап, бай атаулыға қысым жасауды қолдай қоймады.
Ауқатты шаруа атаулының қас жауы Ф.Голощекинге әсіресе алғашқылардың бағыты ұнамады. Қазақ өлкелік партия комитетінің жалпықазақтық V конференциясында ол «жартылай феодалдарды түптамырымен құрту, байға күшті қысым жасау негізінде ауылды орташаландыру және қазақ батырағына, кедейіне және орташасына ерекше көмек беру» мәселесін партия бұқарасы алдына негізгі міндет етіп қойды 1 [Отчет краевого комитета VI Всеказахской Партконференции. 146, 162 беттер.].
Айта кеткен жөн, бұл міндеттерді жүзеге асыруға қажетті алғы шарттар Ф.Голощекин Қазақстанға келгеннен кейінгі алғашқы жылдарда-ақ жасалған еді. Бұлардың негізгілері мыналар болатын:
– ауыл (қыстақ) кедейлерінің, батырақтарының және әл-ауқаты төмен орташалардың байларға қарсы экономикалық және саяси күрес жүргізуі үшін ұйымдастырылған Қосшы Одағы ұйымы қайта құрылып, арнайы тазартудан өткенді. Оның құрамынан екі мыңға жуық бай, атқамінер шығарылды.
– 1926 жылы басталған шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губерниясында 84605 десятина, ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 десятина, бұрынғы Семей губерниясында – 17154 десятина, Қостанай округінде – 17365 десятина шабындық, егістік алқаптары тартып алынып, кедейлерге берілді 2 [Материалы к отчету ЦИК Казахской АССР… 20,21беттер.]. Бірақ көп жағдайда рулық қауымда баймен өзара сыйластықта болған кедей, ата салтын аяқ асты етпеді, өз жер үлесін меншіктеніп кеткен жоқ. Оның үстіне ол жерді игеруге қазақ шаруасының диханшылық дағдысы, құрал-саймандары да жетісе бермеді. Ал енді мұндай жайылымда жаятындай мал кедейдің маңдайына біте де қоймаған. Сондықтан бөлінген жер негізінен бұрынғыдай ауқатты шаруалардың малы жайылатын рулық жайылым болып қала берді.
Бұған күйінген Ф.Голощекиннің VI Бүкілқазақтық партия конференциясында былай дегені белгілі: «Біз әлі бәрін байқаған да жоқпыз және бәрін тартып ала қойған жоқпыз… Шормановты, Ақбаевты алайық, олардың әрқайсысының 10 мың бас малы бар. Біз олардан жерді алып қойдық, сонда мен ойладым: «Енді алда олар не істер екен деп?» – деп. Олардың мұрты да қисаймағандай. Бұл жерде бір кілтипан бар, жолдастар. Әрине, біздің жерді алып қойғанымыз жақсы; бірақ, сірә, біз бәрін де толық байқамаған және аңғара қоймаған тәріздіміз. Бай үшін тағы бір тұйықтан шығар жол бар; міне, осы жолды, жолдастар, біздер тауып, олардың алдын алуға тиіспіз»1[Отчет краевого комитета… 75бет.].
Жоғарыда айтып кеттік, дәл осы конференцияда мұндай «жолды» Голощекиннің өзі қорытынды сөзінде «тауып» берді. Бұл – ірі қазақ байларының көзін күшпен жою «жолы» еді.
VI Бүкілқазақтық партия конференциясының (1927 жыл, қарашаның 15-23-і) қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы қорытындыға келуі ел ішінде жаппай дүрлігу туғызды. Мәскеудегі БК(б)П ОК мен БОАК-нің бұл шешімді және осыған байланысты заңды бекітуді белгісіз себептермен тоғыз айға созып жіберуі жағдайды шиеленістіре түсті 2 [ҚР ОМА. – 5 с-қ., 21ст., 15-іс, 46-п.].
Тәркілеуге байланысты әртүрлі апыпқашты өсек-аяңмен үрейленген халық – байы бар, кедейі бар – малды жаппай сатудың, жасырып қалудың жолдарын іздестіре бастады. Сондықтан 1928 жылы маусымның 21-інде ҚазОАК «Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеу жариялады. Онда «тәркілеу туралы заң 1928 жылғы сәуірдің 1-нен бері мыңдаған малы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» неғұрлым ірі байлар қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында жасалып жатқаны; алғашқы кезекте бұл бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетіні» атап көрсетілді. «Еңбекші қазақ» және «Советская степь» газеттерінде сол жылғы маусымның 22-сінде жарияланған бұл үндеу сол кездегі күштеу ауанына сәйкес жергілікті кеңес органдарына «жалған, арандатушы, өсе-каяң таратушыларды қатал жауапқа тартуды» ұсынды 3 [«Енбекші қазақ». – 1928, 22 маусым.].
Қазақ байларын тәркілеу туралы декреттің өзі 1928 жылы тамыздың 27-сінде қабылданды. Онымен бірге БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті «Барлық еңбекшілерге» деген үндеу де қабылдады. Декрет те, үндеу де 5 қыркүйекте баспасөзде жарияланды. Бұлар қазақ байларын тәркілеудің 20 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталатынын ескертті 4 [ҚР ОМА. – 5 с-қ., 21ст., 15-іс, 46-п.].
Қабылданған декрет бойынша, ірі байларға көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар, жартылай көшпелі аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды. Ал отырықшы аудандарда мұндай меже жүз елу бастан жоғары қарай болды. Бірақ осы соңғы аудандарда Қазақ АКСР ХКК жүз тұяғы барларды ірі бай қатарына жатқызып тәркілеуге құқықты болды.
Декрет әсіресе көшпелі аудандардағы қожалықтарға шектен тыс қатал болды және Қазақ АКСР ХКК-не алғашқы көшпелі аудандағылардың малы көрсетілген саннан аз болған күннің өзінде бұл адамдарды – егер ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қарсылар ретінде жер аудару құқығын берді.
Тамыздың 30-ында қабылданған «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» Қазақ АКСР-і ХКК-нің арнаулы қаулысымен мұндай көшпелі аудандарға Сырдария округіндегі Қызылқұм, Созақ, Сарысу және Шу аудандары, Қызылорда округіндегі Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақбай аудандары, Алматы округіндегі Балқаш ауданы жатқызылды.
Декретте заң органдарының рөлі төмендетілді. Республикалық орталық тәркілеу комиссиясының, осындай округтік комиссиялардың құрамына ГПУ қызметкерлері мүше болғанымен, прокуратура өкілдері кіргізілмеді. Соңғылар комиссия жұмысына кеңесші дауыспен ғана қатыса алды. Рас, прокурор наразылық білдірген жағдайда жер аудару тоқтатылды. Бірақ мұндайда барлық іс республикалық Орталық комиссия арқылы Қазақ АКСР ОАК-нің қарауына ұсынылды. Осының бәрі, яғни прокурордың наразылығы да, байларды жер аудару көрсетілген қысқа мерзімде – 1928 жылғы қарашаның біріне дейін қаралып бітуі тиіс еді. Сондықтан көп жағдайда тәркіленгендер тіптен шағымдануға да үлгіре алмай, көбіне жер аударылып барған жерде ғана өтініштер бере бастады.
Жер аударуды да іс жүзінде ГПУ және милиция органдары жүргізді. Бірақ жарық көрген қаулыда ГПУ-дің бұл іске қатысатыны айтылмай, халықтан құпия ұсталды.
1928 жылы қыркүйектің 13-інде және қазанның 17-інде қабылданған жартылай феодал ірі байларды тәркілеуге және жер аударуға қарсы тұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Қазақстан үкіметі мен өкіметі қабылдаған заңдарда қосымша шаралар белгіленді.
Бұлардың «Ірі және жартылай феодал байларды тәркілеуге және жер аударуға қарсы тұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» деп аталатын алғашқысында, атынан да көрініп тұрғандай, тәркілеу туралы Қазақ АКСР ОАК-нің және ХКК-нің қаулысына көнгісі келмегендер, оны жүзеге асыруға қарсы тұрған байлар және бұрынғы артықшылығы бар топтарға жататындар «жедел түрде қатал қылмыстық жауапкершілікке және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылуға жататын»1 [Систематическое собрание законов.. 63, 72, 82, 84-85 беттер.] болды.
17 қазандағы екінші қаулы бұдан да қатал. Мұнда тәркілеу туралы үкімет және өкімет қаулысына қарсы тұрғандарды «мемлекеттік қылмыскерлерді және басқару тәртіптеріне қарсыларды» жазалайтын қылмыстық заң кодексінің баптары бойынша жауапқа тарту кезделді.
Сонымен қатар осы заңның екінші, үшінші баптарында үгіт жүргізіп, өсек-аяң таратып немесе бұқараның діни және ұлттық наным-сенімдерін пайдаланып хапық толқуларын ұйымдастырып, тәркілеу және жер аудару шараларын болдырмай тастауға тырысушылар және тәркіленуге тиісті мал-мүлікті әртүрлі жолмен жасырып қалуға және жойып жіберуге тырысқандар Қылмыстық кодекстің 58 және 169 баптарының тармақтары бойынша, ал жауапты қызметкерлердің осы бағыттағы әрекеттері Қылмыстық кодекстің лауазымды қылмыстар туралы тарауларымен айыпталатын болды 2 [ҚР ОМА. – 5 ск., 21ст., 15-іс, 49-п.].
Сонымен, әділдік іздеген байларға тұйықтан шығар жол, басқалардың оларға ара тұруларына ешқандай мүмкіндік қалдырылмады. Сондықтан үкіметтің шындыққа көзін жеткізіп, байлардың ісін қайта қаратамыз деп талпынушылардың көп болмағаны белгілі. Жоғарыдағы заңдар ел ішін жаппай дүрліктіріп, қуғын-сүргінге, заңсыздыққа, жаппай тұтқынға алуға жол ашты. Қысқа мерзімде, тәркілеу барысында Қазақстанның он округінен 148 адам тұтқындалды, 69-ының ісі прокуратураға берілді, ал 34-і босатылды.
Тамыздың 30-ында Қазақстан үкіметі ірі байлар жер аударылатын аудандарды нақты анықтады 3 [Систематическое собрание законов., 78 бет].
Байларды тәркілеу аса қатал жүргізіле тұрса да оның кедейлердің бір бөлігі тарапынан қолдау тапқанын архив құжаттары дәлелдейді 4 [ҚР ОМА. -5 с-қ., 21 ст.. 15-іс, 52-53-п].Мұның өзі негізінен кедейлердің байдың малын бөліп аламыз деген түсінігінен туындаған еді. Малдың едәуір бөлігінің (30-40%) колхоздарға берілетінін 5 [Систематическое собрание законов… 79 бет.], ал малды бөліп алғандардың да көп кешікпей колхоздарға кіріп, байдан алған малды мемлекетке етке өткізуге немесе колхоздарға қайтаруға тура келетінін ол кезде кедейлер толық түсіне қойған жоқ. Мұны олар кейінірек түсінді және сондықтан да шаруалар кетерілістеріне белсене қатысты.
Ал енді халықтың негізгі қалың бұқарасы байларды күштеп тәркілеу саясатын белсенді қолдай қойған жоқ. Көп жағдайда байдың жер аударылуына бүкіл ру, ауыл-аймақ қайғырды, әйелдер дауыс салып, аңырап жылап қоштасты.
Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін Қазақ АКСР ОАК-нің уәкілдері жан-жаққа, округтерге аттанды. Астанадан келген уәкілдер жергілікті жерлерге барып, округтік және аудандық уәкілдерді қазақ ауылдарына жіберді. Ауыл адамдары уәкілдерден көбірек жапа шекті. Мысалы, Сырдария округінің Жаңақорған ауданында уәкіл Төленов деген батырақты байдың малын жасырып қойғаны үшін өлімші етіп соққыға жықты. БК(б)П Павлодар округтік комитетінің нұсқаушысы, Сейтенов ауданы бойынша уәкіл Елеукенов науқан кезінде дөрекі қателіктер жіберіп, жетпіс бастай малы бар орташалардың мал-мүлкін тәркілеу тізіміне енгізді.
Байларды тәркілеуге көмектесу үшін жергілікті жерлерде құрамдарына батырақтар мен кедейлер кірген жәрдемдесу комиссиялары құрылды. Бірақ бұлар жоғарғы партиялық бюрократияның сенімін ақтай қоймады. Кейбір жерлерде мұндай комиссиялар керісінше тәркілеуге кедергі жасап, өз руларынан шыққан байларды қорғап бақты.
Бай тәркіленуден аман қалу үшін әртүрлі әдіс, айла-амал іздеп аласұрды. Ата-бабадан қалған мал кейінгі өрен-жаранға ырыс-береке емес, бәле болып жабысты. Ауқаттылар мал-мүлік, дүниені туыстарына бөліп берді. Үй-ішім аман болсын деп бәйбішесімен, тоқалымен ажырасты.
Бұдан байлардың өздері ғана емес, олар тұратын ауданның мал шаруашылығы да күйзелді.
Әрине байларды дәлелсіз даттаудан арашалап қалғысы келген кеңес қызметкерлері де болды. Мысалы, Қостанай округінің Аманқарағай аудандық атқару комитетінің төрағасы округтік комиссия алдында кедейлер атынан байлар Сәрсенбаев Ырханды, Құттыбаров Рахметті (жер аударылған) тәркілеуден құтқару туралы мәселе қойды.
Мұндай талап орындалған жоқ. Дегенмен осы мысалдың өзі-ақ қиын да қилы кезеңде кейбір адамдардың адамдық келбетін жоғалтпағандығын көрсетеді. «Бәрін алсаңдар да туған жерден айырмандаршы!» – деп зар еңіреді байлар.
Архив қойнауында тәркіленген байлардың жоғарғы органдарға жолдаған көптеген арыз-шағымдары және өтініштері көптеп сақталған. Олардан азаматтық құқығы аяқ асты етілген, ең болмаса өздерін заң жолымен қорғау мүмкіндігіне де ие бола апмаған бейшара, қорғансыз қалған жандардың үнін естиміз:
«Осы жылғы қазанның 24-інде біздерден 1000 қойды тәркіледі және мені екі баламмен бірге Орал гүбірнесіне жер аударды. Бұл жер аудару түсінбеушіліктен туып отыр… Біз Кеңес өкіметінің жаулары емеспіз, ешқашан да ешқандай үгіт жүргізген емеспіз және тіптен оның неден тұратынын түсінбейміз де… Жер аудару туралы мәселені қайта қарауды және туған жеріме қайтаруды етінемін. Малды қайтаруды сұрамаймын, социалистік мемлекетте талап етілетіндей, егер ол кедей халыққа өздерінің шаруашылықтарын құруға мүмкіндік беріп жатса, біз ризамыз…»
Мұны жазып отырғандар – Сырдария округінен шыққан Қазақбаевтар.
«Бөлімше басқарушысына дейінгі әртүрлі әкімшілік қызметкерлермен айналыстым. Патша уақытында барлығы 17-18 жылдай қызмет еттім. Үлестіру бойынша ұсынылған Романовтар әулетін еске түсірудің 300 жылдығы белгісі мен екі медалдан басқа ерекше награда алған жоқпын. Патша уақытында қайдағы бір таптық және сословиелік жағдайлардың күшімен немесе қандай да бір идеологиялық оянудан емес, кәдімгідей-ақ жалтарудың еш реті келмегендіктен ғана қызмет еттім. Қазан төңкерісін мен қаналған қазақ халқымен қатар тұрып үлкен қуанышпен қарсы алдым және менің тарапымнан ешқандай да контрреволюциялық іс-әрекеттер болған жоқ… 1919 жылы біздің ауданды ақ гварцияшылар басып алды. Олар күшпен қорқытып, біздерді, бұрынғы патша заманындағы қызметкерлерді өз тапсырмаларын халыққа таратуға мәжбұр етті. Олардың талаптарын еріксіз орындадым… Петропавловск округіне жер аудару мен үшін өліммен тең…»
Бұл жолдар Гурьев округінің бұрынғы байы Құрманбаев Хайрулланың өтінішінен алынған.
БОАК-нің Төралқасына және И.Сталиннің өз атына жолдаған арызында Ақмола округінің азаматы Әділбаев Ахмед өзінің отбасымен Гурьев округіне «қауіпті антисоветтік элемент» деген жаламен жер аударылуының негізсіз екенін, хандар, сұлтандар тұқымына жатпайтынын, оның үстіне 52 бас қана ірі қара малы болғанын айта келе өзі жайлы мынандай мәлімет береді: «Мен жоғары мұсылман білімін алғаш Ақмола губерниясында, онан соң 2 жыл Мединеде, Арабиядағы «Ишфха» медресесінде, онан соң Египеттегі Каир қаласында «Жамие Асхари» медресесінде алдым. Отаныма араб тарихшылары: Ибн Халдунның, Ибн әл Асирдің, Талфикул Акбардың, Ибн Халекеннің және басқалардың еңбектерін алып оралған мен Исламның тарихын жаза бастадым. Осы тарихқа байланысты қабір ескерткіштерін және Қазақстанның өзіндегі исламның тарихына байланысты жазба құжаттарды зерттей бастадым. Осындайда қазақ байларын жер аудару және олардың мүлкін тәркілеу науқанында Ақмола ОГПУ-і менің 45 пұт кітаптарымды, соның ішінде жоғарыда көрсетілген араб тарихшыларының шығармаларын, сондай-ақ менің Мединедегі, Каирдегі курстерді бітіргендігім туралы дипломдарымды және Константинополда Шеих ұлы Ислам маған тапсырған дипломымды да алып қойды…»
Ислам идеологиясының Қазақстандағы көрнекті өкілдерінің көздерін жою – сол жылдардағы кеңес өкіметі саясатының басты бағыттарының бірі екендігін арыз иесі әлі түсіне қоймаған.
Байлар мен ислам қайраткерлерінен арылуды мақсат еткендіктен басшы органдар олардың арыз-шағымдарына құлақ аса қойған жоқ.
Мұны жоғарғы органдардың тәркіленгендердің арыз-шағымдарын қарау нәтижелерімен танысқанда айқын байқай алар едік: 1928 жылдың 25 қазанына дейін республикалық тәркілеуді жүргізу комиссиясына 243 арыз түсті, оның 108 өтініші қабыл алынбады, ал 111 келген жеріне, округтік комиссияларға қайтарылды және тек 5 адам ғана тәркілеуден босатылды 1 [ҚР ОМА, -135 =қ„ 1=т., 1–іс, 125, 91=п.].
1929 жылға қарай тәркіленгендердің арыздарын қабылдамай тастау әдетке айналды. Мысалы, осы жылдың 28 ақпанында Қаз. АКСР ОАК-нің секретариат мәжілісі Ерназаровтың, Нұрмақовтың және Асылбековтың қатысуымен тәркіленген байлардың 21 өтінішін қарап, бәрін қабыл алмай тастаған 2 [Сонда, 5с=қ., 10с=т., 6=іс, 24–26=п.].
Ал енді қазақ байларын тәркілеудің және оларды жер аударудың көлеміне келсек, ол төмендегі кестеде біршама толық керсетілген 1 [ҚР ПА. -141=К., 1=Т., 1930=іс, 4=П.].
Кестеден бұл істегі адам құқығын аяқ асты ету анық байқалады. Жоғарғы органдарға шағым айтып, тәркілеуден және жер аударылудан аман қалғандар саусақпен санарлықтай. Бұрын алдын ала белгіленген 700 қожалықтан, тек 4-і ғана тәркілеуден босатылған. Мұның себебін Қазақстан басшылығы өздерінің БК (б) П Орталық Комитетіне берген мәлімдемесінде былай түсіндіреді: «700 саны көптеген түсінбеушілікті және аңтарылуды туғызды. Неліктен көп те емес, аз да емес дәл осы 700?
Бұл сан жартылай феодалдардың неғұрлым қуатты қожалықтары және біздің ауылдағы шараларымызды тежеуші әлеуметтік қауіпті және зиянды элементтер туралы жасырын мәліметтер жиналып біткен соң ғана қабылданды».
Ресми мәліметтер бойынша 696 тәркіленгеннің 669-ы өз округтерінен басқа жаққа жер аударылған. Түрмеде өлгендіктен және өлімші ауру болғандықтан аман қалғандар бұл санға енбеген. Тағы бір назар аударатын нәрсе – көшпелі аудандарда алпыс бір қожалықтың ғана тәркіленуі. Мұның өзі бұл жылдары қазақта мыңғырған малы бар ірі байлардың шамалы болғанын тағы да дәлелдей түседі. «Жартылай феодалдар» дейтіндердің барлық ауқаттылардың 19,4 проценті ғана болуы да осының куәсі.
Ал енді тәркіленген малдан кедейлер, мемлекет қандай пайда тапты екен, соны талдап көрелік.
Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225 972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144 474 бас мал ғана тәркіленді: бұл – белгіленген жоспардың алпыс төрт проценті ғана. Алдын ала берілген малдың есебінің дұрыс жасалмағанын Қазақстан басшылығы кейіннен мойындауға мәжбүр болды.
Барлық тәркіленген малдың 10,2 проценті отырықшы аудандардан, 83,3 проценті жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 проценті көшпелі аудандардан еді. Назар аударар бір нәрсе, тәркіленген малдағы үлес салмағы аз бола тұрса да көшпелі аудандардағы байлар қожалықтары бәрінен де көп зиян шекті. Ал тәркілеудің негізгі ауыртпалығын жартылай көшпелі аудандар көтерді. Мұны біз әрбір қожалықты теркілеудегі жеке үлесті керсететін төмендегі мәліметтерден де аңғара аламыз:
Ал енді тәркіленген малды шаруашылықтар түрлеріне жіктер болсақ осынша малдың 118 919 тұяғы жеке шаруашылықтарға (74,3 проценті) және колхоздарға (25,7 проценті) таратылып берілді. Жекешелердің ішінде осы малдың он сегіз процентін малы жоқ қожалықтар алды. Яғни малсыз әр қожалық орта есеппен 8 – 9 бас малға (ірі қараға шаққанда) ие болды (санаған біз). Жалпы төрт тұяққа дейін ғана малы бар кедей қожалықтар жекешеге бөлінген малдың тоқсан процентін алды.
Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.
Тәркіленген байлардың күнкөрісіне өте аз мал қалдырды. Бұл 4 614 бас ғана мал, тәркіленгеннің 6,4 процентін ғана құрады. Жер аудару кезінде жол ақысын өз қалталарынан төлеулері тиіс болған тәркіленген байлар бұл аз ғана малдың өзін де сатуға мәжбұр болды.
Архив қойнауында сақтаулы жатқан төмендегі кесте әртүрлі дәрежедегі батырақтар мен кедейлер қожалықтарының тәркіленген малдардан қандай проценттік үлеске ие болғанын нақтырақ бейнелейді. Мұнда ескерте кетер бір жәйт – мәліметтер Қазақстанның жеті округі бойынша берілген 1 [ҚР ОМА, -5 с=қ., 21 с=т., 15=іс, 44, 58, 59, 60=п.].
Жекешелер қожалықтары
Мұнда тәркілеу туралы нұсқауға сәйкес әр қожалыққа бөлініп берілген мал он екі тұяқтан аспауы тиіс деген қағида басшылыққа алынған. Бірақ, біз жоғарыда айтқандай, батырақтар мен кедейлердің көпшілігі бөліс кезінде мұнша малға ие бола алмады. Малдың едәуір бөлігін (25,7 про-цент) жаңа құрылған колхоздар алып қойғандықтан, онсыз да көп емес тәркіленген мал жекешелерге жетпеді. Сөйтіп байларды тәркілеу нәтижесінде малға қарық болып, «байимыз» деп дәмеленген көптеген батырақ пен кедей үміті ақталмады. Жоғарыда көрсетілген малға ие болған кедей-батырақтар да қожалықтарын жедел өркендетіп кете алмады. Олардың өсіп-өнуіне, өркендеуіне малдан басқа материалдық құрал-жабдық, қора-қопсы, қыстау, азық-тулік, жем-шөп және т.б. қажет еді.
Қазақстан жағдайын жақсы білген агроном-маман М.Г. Сириустың 1926 жылғы есептеулері бойынша, осы жылдары бір мал шаруашылығы қожалықтарының қалыпты өмір сүруі үшін – ол жасы да, түрі де әрқилы 170 тұяққа, ал ірі қараға шаққанда 55 тұяққа ие болуы керек еді 2 [Сириус М.Г. Перспективы развития сельского хозяйства Казахстана. 17–18беттер.].
Батырақ-кедей қожалықтарын мұндай 55 ірі қарасы бар қожалық деңгейіне жеткізу үшін Қазақстанда мал өсімін түбірімен көбейту керек еді.
Мал басының мұндай өсіміне жету үшін зерттеуші ғалым В.В. Благовещенский төмендегідей шараларды жүзеге асыруды ұсынды 3 [Благовещенский В.В. Перспективы количественного развития животноводства. Кызыл-Орда, 1926, 18 бет.]:
- Шөп оруды кең таратып, артық жем-шөп қорын ұйымдастыру; «жұт» жылдары мол жеммен және т.б. қамтамасыз ету арқылы орнықты мал шаруашылықтарын құру;
- алқаптар ұйымдастыру (жерге ұтымды орналастыру, дәлірек айтсақ – суландыру);
- қожалықтарды ұжымдастыру және олардың жекелеген бөлімдерін кооперативтендіру;
- сатуды ұйымдастыру (өнім сапасын базар талабына бейімдеу, индустрияландыру, темір жолдар торабын жетілдіру, кооперативтендіру және т. б.);
- қайтарымы аз малшылар қауымын малды көбейтуге бағыттап, қаржыландыру;
Мұнда байларды тәркілеу туралы бір ауыз сөз жоқ, рас, ұжымдастыру туралы айтылған, бірақ әңгіме күштеп ұжымдастыру туралы емес, шаруашылығын өз бетінше жүргізе алмайтындардың өз еріктерімен бірігуі туралы. Зерттеушінің нарық экономикасына қатысты базарға бейімделу туралы пікірі де қазіргі күнге үндесіп жатыр емес пе?
Ал енді малшыларға қаржы беру туралы пікір түсіндіріп жатуды да қажет етпес. Голощекин бастаған Қазақстан басшылары жеке мал шаруашылығы қожалықтарын қаржымен қолдауды қажет деп таппады. Жеке секторға 1927-1928 жылдары бір тиын көмек ақша бөлінбесе, ал 1928-1929 жылдары кедейлер қожалықтары ауыл шаруашылығына бөлінген қаржының 22,5 процентін ғана, орташалар 25,3 процентін ғана, кулак-бай қожалықтары 0,9 процентін ғана ала алды. Егер бұларды нақты ақшамен көрсетсек: 1928-1929 жылдары кедей қожалықтарындағы әрбір 116 серіктік 764,8 мың, орташалар 1546,8 мың, кулак-байлар қожалықтары 60,1 мың сом ғана ақша қаражатын алған 1 [Материалы к отчету Казахского Краевого Комитета ВКП(б)… 30-бет].
Мұндай жағдайда әсіресе кедейлердің өз қожалықтарын меңгеріп кетуі қиын. Сондықтан олардың көбі жаңадан құрыла бастаған колхоздарға кіруге мәжбүр болды. Олар байларды тәркілегенде алған болмашы малдарын сатып жіберді немесе бордақылап сойып алды. Орташа да жетіскен жоқ, 1928 жылдан бастап күшіне енген астық және ет дайындау науқаны көп кешікпей оларды да тұралатты.
Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, біріншіден, қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының беташары, алғашқы баспалдағы іспетті болды. Бұл «тәжірибе» кейін, аталған науқанда кеңінен пайдаланылды.
Екіншіден, байларды тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да қазақ кедейлері ештеңе ұтқан жоқ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің осы мәселелерге байланысты жоғарыда аталған комиссиясының 1992 ж. желтоқсанның 7-де қабылданған қорытындысында атап көрсетілгендей, «байлардың малын тәркілеу ауылдағы орташаларды топтастыруға және әл-ауқаттың артуына емес, қайта, керісінше, қайыршыланған ауылдар халқының жарлы-жақыбайға айналуының өрши түсуі мен шаруашылықтың күйзелуіне ұшыратты» 1 [«Егемен Қазақстан». – 1992, 22 желтоқсан.].
Үшіншіден, дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі – ірі байлар қожалықтарын күйрету – Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлылығының күрт төмеңдеуіне негіз жасады.
Төртіншіден, қазақ байларын тәркілеу – Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің дөрекі де қате саясаты. Байлар қожалықтарын күшпен тәркілемей-ақ, оларды салықпен, экономикалық әдістермен тежеп, солардың негізінде кооперативтік, фермерлік жеке немесе ұжымдық шаруашылықтар құруға болатын еді. Сонда Қазақстанның аса қуатты, тауарлылығы жоғары, халықаралық деңгейдегі ірі аграрлы республикаға айналуына берік негіз қаланатын еді.
Өкінішке қарай, сталиндік тоталитарлық жүйе мұндай бағытты қабылдамады. Ал бұдан Қазақстанның ұтқанынан жоғалтқаны көп.
Т. Омарбеков, «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. 82-104 бб.