1929 – 1931 жылдардағы халық көтерілістері: Зерттеу. Талас Омарбеков
1929 – 1931 жылдардағы халық көтерілістері: Зерттеу. Талас Омарбеков
Алматы: «Арыс» баспасы, 2018.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің қазақ халқына қарсы қуғын-сүргін саясатының ең бір жантүршіктірер, сорақы қылмысы – жергілікті жерлерде орын алған халық көтерілістерін қарудың күшімен қырып-жою әрекеті. 1929 – 1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген байларды тәркілеуге, күштеп ұжымдастыруға және зорлап отырықшыландыруға – сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған Қазақстанның біраз жерлерінен тұтанған халық наразылықтары, бас көтерулері оқырманға ұсынылып отырған осы кітапта тарихи
нақты деректер негізінде жатық тілмен тартымды баяндалған. Бұл еңбектің алғашқы нұсқасы 1994 жылы «Зобалаң» деген атпен баспадан жарық көрген еді. Профессор Т. Омарбеков кітапты жаңа деректермен және мәліметтермен толықтырып, өңдеген нұсқасын жасап, оқырманға қайта ұсынып отырмыз.
Автордың бұл зерттеуі ұзақ жылдар бойы беймәлім болып, зерттеушілердің қолы жетпей, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың) архив қорларында сақталған құпия да құнды мәліметтерді талдау, салыстыру нәтижесі болып табылады. Кітапта пайдаланылған, негізінен орыс тілінде болып келетін, құжаттарды қазақшаға автордың өзі аударғандықтан құжаттардың
ғылыми дәлдігіне кепілдік бере алады.
1929 – 1931 жылдардағы халық көтерілістері: Зерттеу. PDF ⇓