Сұлтан Хан Аққұлы: Әлихантанушы ретінде Әлиханның арманын Парламентте көтергім келді

Сұлтан Хан Аққұлы: Әлихантанушы ретінде Әлиханның арманын Парламентте көтергім келді

Мамырдың 30-ында Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан “Саяси қуғын-сүргін құрбандары” музейінде “Азалы жылдар мен азапты жолдар: тарих сабағы” тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы конференцияда белгілі Алаштанушы ғалым, Гумилев атындағы Еуразия университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлымен жолығып әңгімелесудің сәті түскен еді.

АСТАНАДА «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ҮМІТКЕРЛЕРІН ӨТКІЗУГЕ БАР КҮШІН САЛДЫ

– Жалпы, сіз екі рет: партиялық тізіммен және Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз үміткер ретінде тіркеліп, сайлауға түстіңіз. Сайлауға түсудегі мақсатыңыз қандай? Сіз жасағыңыз келген нәрселерді депутат болмай-ақ жасау мүмкін болмады ма? Әлде мүмкіндік тек депутат болған сәтте ғана пайда болады деп санадыңыз ба?

– Бұның екі түрлі себебін айтуға болады. Біріншіден, моральдық, яғни рухани тұрғыдан мен соңғы 3жылдан бері «Алаш» тарихын, соның ішінде «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеологиялық негізін қалаған және саяси көсемі болған Әлихан Бөкейханды, оның өмірі мен қызметін, шығармашылығын зерттеп келемін.

Әлихан Бөкейхан 1906 жылы отаршыл Ресей империясы тұсында Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтарының атынан депутат болып сайланды. Бірақ ол Думаның жұмысына қатыса алмады. Өйткені ол Петерборға жеткен 1906 жылдың 8 шілдесінде ІІ Николай патша Мемлекеттік думаны күштеп таратып жіберді. Әлиханның Думаға барғандағы мақсаты – мансап құру, абыройлы қызметте жүру емес. Әлиханның бар ойы Мемлекеттік дума арқылы қазаққа мейлінше тиімді заңдар қабылдату, қазақтың ата-бабадан мұра болып қалған кең-байтақ жерін халқының меншігі мен игілінде сақтап қалу болатын.

Әлиханның Мемлекеттік думаның 1907 жылғы ІІ шақырылымына да бірауыздан қайта сайланатын мүмкіндігі болды. Бірақ сол кезде отаршыл патша үкіметі күштеп таратылған І Думаның депутаттары ІІ Думаға жаппай қайта сайланған жағдайда, ІІ шақырылымның да мерзімінен бұрын тарату қаупі тұрды.

Сол кезде Әлихан Бөкейханның 1907 жылдың қаңтарында Семей облысы қазақтарына жазған ашық хаты бар. «ІІ Мемлекеттік думаға сайлануға дайынмын және одан өтетініме де еш күмәнім жоқ. Бірақ жағдай осылай. Егер ІІ Думаны да қуып тарататын болса, онда қазақтың ұлттық мүддесі, құқы қорғалмай қалады. Сол себепті мен сайлауға түсуден бас тартып, өз тарапымнан депутат болуға лайықты деген бес адамды ұсынамын. Соның бірінен депутат сайлануын таңдаймын», -делінген онда.

Сондықтан Әлиханның жарық дүниеге келген сәтінен 1937 жылғы 27 қыркүйекте Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылып, сүйегін өртеп, күлінің Дон зиратындағы «№1 шұңқырға» (ОГПУ құжаттарында осылай жазылған. – С.А.) шашылуына дейін зерттеген соң, Парламент мінберіне шығып, Әлиханның отаршыл империя кезінде халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ісін жалғастырсам деген ой болды. Бұл – менің депутаттыққа барудағы мақсатымның моральдық жағы.

Екіншіден, тәуелсіздіктің 32-ші жылына қадам бассақ та, Алаш қайраткерлері көздеген бірде-бір мақсат жүзеге асырылған жоқ. Біз 32 жыл ішінде не тілімізді мемлекеттік тіл тұғырына көтере алмадық, не экономикамызды дамыта алмадық. Мен 2015 жылы Central Asia Monitor газетіне Әлиханның 25 жылдық жоспары туралы мақала жазғанмын.

Сонда Әлихан Бөкейхан 18 ғасырдағы қазақ қоғамы сияқты феодализмнің шырмауынан шыға алмай, билік үшін ішкі күрес-тартыс, қарама-қайшылықтардан көз ашпаған, бүгін біз Жапония деп білетін елдің императоры Мейдзидің тарихта «Мейдзи жаңғыруы» немесе «Мейдзи төңкерісі» деген атаумен қалған, бар-жоғы 21 жылдың ішінде (1868-1889 жж.) іске асырған мәдени төңкерісін тиянақты зерттеді. Міне сол жапон тәжірибесін, бір жапон емес, Аустралия, Германия, Швейцария, Дания сынды әлем елдерінің ең үздік тәжірибесін зерттей келе, оны қазақтың салт-дәстүріне, мәдениетіне лайықтай отырып, Қазақ елін 20-25 жылда әлемнің дамыған елдерінің бірі етуді нақты жоспарлады. Сол себепті 1930 жылдары «Алаш» қайраткерлерінің түгел «жапон тыңшысы» деген жалған айыппен атқаны белгілі. Шынында да, Әлихан, Алаш қайраткерлері жапондармен жақын араласты. Оған ешқандай күмән жоқ.

2021 жылы жапон ғалымдары Томохико Уяма мен Рёсуке Оно Жапон Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саясат тарихы мұрағатынан Әлиханның тапсырмасымен 1919 жылдың қаңтар айында көрнекті «Алаш» қайраткері Райымжан Мәрсекұлының Алаш Орда атынан Алаш Республикасының тәуелсіздігін мойындау, екіжақты дипломатиялық қарым-қатынас орнату, экономикалық көмек көрсету, сондай-ақ қару-жарақ беру туралы Жапон үкіметіне жолдаған хатын тауып алды.

Менің Ұлттық Парламентімізге, мен әдейі Ұлттық Парламент не Халық өкілеттігі деп әдейі айтып отырмын, өйткені бізде жай әшейін Қазақстан Республикасының Қос палаталы Парламенті дейді де, Ұлттық Парламент деуден жасқанады. Біз, мысалы, соңғы есеп бойынша, қазақ халқының саны 13 миллионнан асып, Қазақстан халқының 70%-дан астамын құрауына қарамастан, мемлекет құрушы халық ретінде Қазақстанды ұлттық мемлекет деп жариялауға жүрегіміз дауаламайдыҚалай десе дебіз қазақ ұлттық мемлекетіміз. Бұл мемлекетті ежелден қазақ жерінде құрған – қазақ халқы, сол себепті бұл елге Қазақстан, Қазақ Республикасы деген атау берген. Бірақ сол елімізді ұлттық дей алмай келеміз.

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

Екіншіден, біз жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы, ал жер асты байлығы жағынан, мүмкін Ресейден кейін екінші елміз. Байлығымызды жан басына шаққанда, біз Ресейден де бай елміз. Бірақ осындай зор байлықтың үстінде отырып, “шықпа жаным, шықпа” деген деңгейге жеткізген – кешегі коммунистік диктатурадан мұра боп қалған қазіргі саяси билігіміз. Сол биліктің көзін ашу мақсатында мен Ұлттық Парламентке депутат болып сайланғым келді. Басқаша айтқанда, 1847 жылы біржола ыдыраған Қазақ хандығының үйіндісі үстінен заманауи Қазақ мемлекетінің іргетасын көтеріп, оның шекарасын айқындап шегелеп берген Алаш қайраткерлері мен «Алаш» идеясын тәуелсіз Қазақстанның ұлттық парламенті мінберінен көтеру болды.

Алаш қайраткерлері жоспарлағандай, елімізді үдемелі даму жолына салу, сол жолды ұсыну мақсатында депутат сайлауына тәуелсіз үміткер ретінде қатыстым. Бірақ шынын айтсам, дәл сол кезде бір жағынан үмітім болды. Себебі Президент Қ. Тоқаевтың “сайлау әділ өтеді” дегені бар еді. «Әділетті Қазақстан», «Жаңа Қазақстан» деді. Тоқаев бұл сөзді шын жүрегімен айтты ма, әлде тағы да елді алдау ма? Соған көз жеткізгім келді.

Әрине сайлау барысына әкімшілік ресурсты қосатынына, жергілікті әкімдердің сайлауға заңсыз килігетініне, одан қалды – сайлаудың қорытындысын «Аманат» партиясының тізімі мен үміткерлері пайдасына қарай өркескел бұрмалайтынына еш күмән болмады. Дегенмен де жүрек түбінде әлсіз болса да бір үміт қалып еді.  Ол ақталмады.

– Мәселен, нақты қандай әкімшілік ресурсты айтып отырасыз? 

– Басқа қалаларды айта алмаймын, ал Астанада қала мен аудан әкімшіліктері бір мандатты сайлау аймағынан дауысқа түскен «Аманат» партиясы үміткерлерін өткізуге бар күшін салды; орталық және қалалық комиссияларынан, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, ғылым және жоғарғы білім, оқу-ағарту және т.б. салалық министрліктерінен үміткерлермен кездесуге қатаң тыйым салды. Астанадағы университеттердің Ғылыми кеңестері университет аумағында үміткерлермен, әсіресе тәуелсіз үміткерлермен ешқандай кездесу өткізілмесін, үгіт-насихат жүргізілмесін деген қаулы шығарды. Дауыс беру учаскелері орналасуына қарамастан, мектеп, мұражай сынды білім, әлеуметтік, мәдениет мекемелеріне телефон арқылы сондай қатаң нұсқаулар берілді. Ол аздай, қолға түскен бейресми (ешкімнің аты-жөні көрсетілмеген, ешкімнің қолы жоқ, мөр басылмаған) болса да міндетті түрде орындалатын бір құжатта қай үміткерге қанша пайыз дауыс жазу керектігі ойып жазылған…

Әйтсе де бұл сайлаудың мен үшін зор пайдасы болды. Біріншіден, біз осы күнге дейін Парламентті халық өкілеттілігі деп айтудан қашамыз. Парламентіміз негізі халық өкілеттілігі, демек атқарушы билік халық өкілеттігі алдында құрдай жорғалап, жұмсаған әрбір тиыны үшін есеп беріп отыруы керек.

Ал біздің 1995 жылдың 30 тамызында қабылдаған Конституция бойынша, сол кезден бастап 2019 жылы наурызына дейін президент Назарбаев халық өкілеттігінің құзырын да ғана емес, абыройын да аяқ асты етті. Соңғы сайлау көрсеткендей, не бюджеттік, не мемлекеттік мекеменің бірінде де сайлауалды насихат жүргізуге болмайды. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызметкер болсын, бюджет саласы қызметкері болсын, оқытушы, дәрігер болсын, бірақ ол Қазақстан азаматы, оның сайлау және сайлану құқы Атазаңда ойып жазылған. Ал қазіргі біздің сайлау заңымыз сол азаматтардың Конституциядағы сайлау және сайлану құқығын өрескел шектеп отыр. Өйткені, мысалға, мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде кездесу өткізгенімде, министрлік қызметкерлері: “Сіз соңғы 30 жылда өзінің сайлауалды бағдарламасын, алда қойған мақсатын таныстырған бірінші үміткерсіз”, – деп таң қалды. “Бұған дейін кімге дауыс беретінімізді білмейтін едік. Еш үміткерді танымаймыз, ешқайсысы алдымызға келген жоқ,ешкім бізге сайлауалды бағдарламасын көрсетпеді. Енді кімге дауыс беретінімізді білеміз”, – деп Ауыл шаруашылығы азаматтары ағынан жарылды.

Мені министрлікке оңай жібере салуының өзіндік «сыры» бар. Бір күн бұрын ғана әлеуметтік желі арқылы президент Қ.Тоқаевқа ашық хат жолдағанмын. Азаматтар мен үміткерлердің, оның ішінде тәуелсіз үміткерлердің конституциялық құқығы аяқ асты болып, дөрекі де өрескел бұзып жатқанын ашық айттым.

ДӘЛ ҚАЗІРГІ КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША, ДӘЛ ҚАЗІРГІ САЙЛАУ ЗАҢЫ БОЙЫНША АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЕШҚАНДАЙ САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ

– Оны кімдер бұзды сонда? 

– Жергілікті министрліктер, Салық Департаменті, былайша айтқанда, барлық мемлекеттік мекеме. Әкімшілік ресурсты ашықтан-ашық қолданды

– Әкімшілік ресурс кімнің қолымен жасалды деп ойлайсыз? 

– Жергілікті әкімдер, қала әкімшілігі, бұл жерде Президент әкімшілігі барып жасамайды ғой. Нұсқау береді ғой. Оны жүзеге асыратын қала әкімшілігі, үш аудан әкімшілігі. Олар кәдімгідей әрбір сайлау учаскесіне, мысалы №1 және 2 сайлау учаскесінде Арман Шораев үміткер болып қатысты. Барлығына жергілікті әкімшілік тікелей араласып, сайлау комиссиясы жұмысына қысым көрсетіп отырды.

Ал енді өзіміздің Еуразия Ұлттық Университеті, т.б университеттердің ғылыми кеңесі осы университет аумағында үміткерлер, әсіресе тәуелсіз үміткерлермен кездесу ұйымдастыру тыйым салынсын деген қаулы қабылдады. Бұл – Конституцияға өрескел қарама-қайшы қаулы. Ал соған Ғылым және жоғары білім министрлігі араласпады, керісінше қадағалап отырған. Ешқандай кездесу өткізу болмасын деп. Қорыта айтқанда, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан да сорақы болды.

 Былайша айтқанда, дәл қазіргі Конституция бойынша, дәл қазіргі сайлау заңы бойынша алдағы уақытта ешқандай сайлауды өткізуге болмайды. Мен тәуелсіз үміткер ретінде соған көзімді жеткіздім.

“АҚЖОЛ” АЛАШ ИДЕЯСЫН ТУ ЕТКЕН ЖАЛҒЫЗ ПАРТИЯ 

– Сіз алдыңғы жолы Ақ жол партиясы атынан сайлауға түстіңіз ғой. Сол кезде «Ақ жол» біз Алаш жолымен жүреміз деген ұранды ту ғып көтерді. Олар шын мәнінде Алаш мұраттары мен мақсаттарын алға қойып отыр ма, әлде Алаштың атын пайдаланып, халықты алдап отыр ма?

– Бұл жерде саясаттың аты саясат. Біріншіден, одан басқа бірде-бір партия Алаш идеясын көтеріп жүрген жоқ. Екіншіден, ешбір партия өзінің партия бағдарламасына Алаш тақырыбын енгізіп отырған жоқ. Үшіншіден, соңғы 12-13 жыл бойы жыл сайын “Ақ жол” партиясы ХХ ғасырдың басында Алаштың Ақ жолы атты республикалық, бір кезде халықаралық байқау өткізді. Осыған дейін Әлихан Бөкейханның 15 томдығы шықты ма? Әлихан туралы энциклопедия, Әлихан туралы Қазақ тілінде – «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы», орысша «Алихан Бокейхан. Собиратель казахских земель», ағылшын тілінде «Alikhan Bokeykhan. Тhe Unifier of the Kazakh lands» деген үш монография жарық көрдіОсыкітаптардың барлығының жарыққа шығуына қолғабыс еткен – «Ақ жол» партиясы мен оның жетекшісіАзат ПеруашевИә, қазақ «Жақсының жақсылығын айтмерейі тасысын» демей меОсы партияға төртай мүше ай болдымТәуелсіз үміткер болып қатысу үшін партиядан шығып кеттім.

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

Бір кезде Азат Перуашевтың өзі айтқан екен: «Осыған дейін мен «Алаш» идеясын үгіт-насихаттың құралы ретінде қабылдадым. Өз атам Перуаш Кәрімұлы 1938 жылы Алаш қайраткері ретінде атылып кеткенін білгенге дейін», – дегені бар. 2015 жылы ол туралы құжаттар қолға түскеннен кейін Алаш тақырыбына көзқарасы 180 градусқа түбегейлі өзгерді. Ал қазір “Ақ жолдың» саяси бағдарламасында дербес Алаш тарауы бар. Оның ең көп айтып жүргені осы – Парламенттік жүйеге өтуіміз керек. Бүкіл байлық халық мүддесіне қызмет етуі керек деген сияқты. Оның барлығы – «Алаш» идеясы. Әлиханның айтқан сөзі бар: «Қазақ жерінің әрбір тасы қазақтың кеудесіне түйме болып тағылуы керек. Әрбір уыс жүні қазақтың иығына шапан болып киілуі керек».

– Саяси қуғын-сүргін құрбандары күнінде кездесіп отырмыз. Сол кездері асқан қатыгездікпен атылып кеткен қаһармандар халық үшін, ел үшін құрбан болғандарына өкінбеген сияқты, ия? Ал қазір ел үшін, халық үшін білек сыбанып кірісетін қайраткерлер бар деп ойлайсыз ба? 

– Бұған еш күмәнім жоқ. Бірақ мен сізге айтайын, «Аманат» деген атауды бүркеніп жүрген саяси жүйенің ішінде де халыққа адал қызмет еткісі келетін азаматтар аз емес. Олар да қазақ азаматтары, олардың көпшілігі жас ұрпақ. Бірақ егер саяси жүйеге кірмесең, қызмет бабымен көтеріле алмайсың. Бұны былай айтқанда «әлеуметтік лифт» деп атайды. Бұл – саяси  партия сол саяси жүйенің өзіне айналған. Бұрын Компартияға мүше болмасаң, ешқандай – не мемлекеттік қызметте, не ғылымда да жетістікке жетпейтін едің.

– Ол кезде қоғамнан тыс қалатын болды ғой.

– Тыс қаласың. Дәл қазір «Аманат» партиясы сондай жағдайға ие болды. «Аманат» компартияның атауын ауыстырып, шапанын теріс айналдырып киген нұсқасы. Өйткені 1999 жылы «Отан» партиясы құрылған кезде, құрылтайшысы кешегі Қазақ Компартиясы Орталық комитетінің І хатшысы Назарбаев болса, оның Орталық комитетінің, былайша айтқанда, Саяси кеңесі компартия мен комсомол қайраткерлері болды. «Аманат»  партиясы да сол «Нұр Отанның» тонын айналдырып киген саяси күш.  Баяғы қалпына қайта келіп, саяси жүйеге айналды.

«АЛАШ» ИДЕЯСЫ – ҚАЗАҚТЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ИДЕЯ

– Сіз біздің сайлау масқара деңгейде болды деп айтып тұрсыз ғой, бізде Парламент жасақталды. Тұңғыш рет біз көп партиялы Парламент жасақтадық деген әңгімелерді айтып жатыр. Қазіргі Парламенттің құрамы туралы не айтасыз?

– Бұл Парламенттің құрамы 100% ауысса да, оның қолынан ештеңе келмейді. Неге дейсіз бе?Өйткені АтаЗаң бойынша Парламенттің құзыры тым тарЕгербіз бір палаталы парламенттік жүйеге өтіпПарламент сайлауында жеңіске жеткен партия не партиялардың блогы үкіметті жасақтапүкімет өз жұмысын бастар алдында өзінің тиянақты жұмыс бағдарламасын Парламентте бекітіп алыпжұмысқа кірісіпжұмсаған әрбір тиынына дейін Парламенттің алдында есеп беріп отыратын болсаміне сол кезде Парламент нағыз Парламент болар едіСонда ғана Парламенттің абыройы да, құрамы да керемет болар еді.

Ал дәл қазір оларды 100% ауыстырсаңыздар да қолынан ештеңе келмейді. Біз жаңа Атазаң қабылдамасақ, қазіргі қырық жамау Конституция біздің даму жолына түсуімізге мүмкіндік бермейді. Бізде 1995 жылы конституциялық төңкеріс болғанын білесіз бе? Н. Назарбаев жаңа Ата Заң арқылы бүкіл мемлекеттік билікті өз қолына шоғырландырып алды. Бұны «конституциялық төңкеріс» дейдіСебебі 1993 жылғы тұңғыш Конституциямыздан артығы жоқ едіПрезидентке шексіз билік берген жаңа Конституция қабылдауға ешқандай негіз болған жоқСонда қазіргі Ата Заңды қабылдаудың ең басты мақсаты ол – бүкіл билікті өз қолына жиып алу болдыСол мақсатына жетті.

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

Көрнекі сурет. “Жаңалық” ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейден. Суретті түсірген автор

2022 жылы  Конституцияға біраз өзгеріс енгіздік. Бірақ ол – косметикалық өзгеріс. Себебі Президент өзінің шексіз билік құзырын сақтап қалды. Қазір Астанадан бастап, құдай ұмытқан соңғы ауылдың әкімін, үкіметті кім тағайындайды? – Президент.

-Қазір аудан және жергілікті ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр ғой.  

– Ондай сынақ сайлауды өткізіп жатқанымызға қанша жыл болды? Қашанға дейін өзімізге өзіміз тәжірибе жасаймыз? Сәбидің өзі жүріп үйренбесе, бесікте жатқан оны сен былай жүр, осылай жүр деп жүруді сөзбен үйретпейсің ғой. Сен суға түспесең, жүзуді қалай үйренесің?!?

Біз тәуелсіздік алған 1991 жылы Н. Назарбаев «Қазақстанда ешқашан демократия болған емес” дегені бар. Ол ұлт тарихын ешқашан оқыған, білген емес. 1906-1907 жылдары Ресей Империясының І және ІІ Мемлекеттік думасына, ал 1917 жылдың қараша-желтоқсанында Бүкілресейлік құрылтай жиналысына қазақтан депутат сайланды. 1906 жылғы сайлаудан кейін әйгілі орыс этнографы Григорий Потанин«Сибирская жизнь» газетінде жарияланған «Локализация интеллегенций” атты мақаласында қазақ халқының сайлауды қандай ұйымшылдықпен өткізгеніне таң қалады. Қазақ халқы зиялыларымен қоян-қолтық жұмыс істейді, қазақ өзінің арасынан маңдайалды азаматтарын сайлап отыр. Ал орыста халық пен зиялылардың арасында байланыс жоқ. Соны көрсетіп отыр деп жаздыБіз Ресей империясының отарына айналған кезеңнен 1917 жылға дейін ұлт болып қалыптасқан жоқпызРесей Қазақ хандығын тұтас емес, Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүзге бөлініп, тарыдай шашылған қазақты біртіндеп 1,5 ғасырдай отарлады. Ол кезде қазақ ұлт боп қалыптаспаған еді. Ал енді 1837-1847 жылдарғы Кенесары көтерілісін алайықшы. Егер қазақ ұлт боп қалыптасса, Кенесарыны қолдап әкетер еді. Ал қазақтың ұлт боп қалыптасқан жылы – 1917 жыл. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауда тұңғыш «Алаш» ұлттық либералды-демократиялық партиясын қазақ халқының 80% қолдап, ұлт болып қалыптасқанын паш етті емес пе?!

Басқаша айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында біз талай  рет президент сайладық. Президентті сайлауға қазақ халқы дайын емес деп неге айтпады? Одан кейін қаншама Парламент сайлауы болды?! Ол кезде халық Президентті қолдамайтын депутаттарды сайлады. Халық надан болса, «президентшіл» депутатты неге сайламайды? Сонда өз әкімін сайлап ала алмайтындай  Шымкент, Алматы, Астана халқы соншалықты надан ба?  Байқасаңыз, біз – әлемдегі ең сауатты елдің біріміз. Алты жастан бастап хат танымайтын бала таба аласыз ба? Біздей сауатты халық аз. Сөйтіп, өз халқын надан қылып, байлап ұстап жүргелі міне 30 жылдан асып кетті.

  Енді қазір сіз естіп жатқан шығарсыз кейбір стратегиялық объектілерді “Ресейге сату, Ресейге беру”. Мысалы, жақында Оралдың әуежайы кетіп қалды, мыс кеніштері және т.б. Жалпы бүкіл әлем Ресейден теріс айналып жатқан кезде, бұл бізге қаншалықты абырой әкеледі? Тағы да Қытаймен байланысты жақсартып жатырмыз. Бұның бәріне халық наразылық білдіріп жатыр. Бұл бізге қаншалықты пайдасын тигізеді деп ойлайсыз?

– Біріншіден, Батыс елдерінің біздің нысандарға қызықпау себебі – біздің билік пара сұрайды. Біздің билік кез-келген стратегиялық нысанымызды көк тиынға сатуға дайын, сатып та келді. Қазіргі біздің саяси биліктің жүрегі «елім»«жерім» деп соқпайды. Олар тек өз қалтасын ойлайды. Бұл қазіргі шенеуніктерді ұрлық-қарлыққа «баулып» өсірген кім?  Қазіргі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев. Байқасаңыз, Назарбаев кеткеннен бері бізде билік ауысқан жоқ. Әкімдер ауысқан жоқ. Бәрі Назарбаевтың «өнімдері».

Есіңізде болса, 2009 жылы Мұхтар Жәкішевті тұтқындағаннан кейін уран кеніштерін шетелге арзанға сатқызған кім? Тұңғыш Президентіміз. Ақырында сол кеніштерді Ресей игеріп отыр. Өзінде уранның табиғи қоры жоқ Ресей біздің уран кеніштерімізге қол салып отыр. Оның артында кім тұр дейсіз бе? Мемлекеттік сатқын ННазарбаев тұр! М. Жәкішев түрмеден шыққаннан кейін де бүкіл сұхбаттарында атын атамайақ соны айтып жүр.

Осыдан 2-3 жыл бұрын Қарағанды облысындағы вольфрам кенішін Қытайға арзанға бере салды. Ал бұл жұмысқа біздің кәсіпкерлердің қабілеті жетпей ме? Қолынан іс келетін, инвестиция сала алатын кәсіпкеріміз аз емесСолар сол кеніштер мен кәсіпорынға басшы болып, шет елден инвестиция тарта алады. Мысалы, М. Жәкішев уран кенішіне жапон, канадалық, француз компанияларын тартты. Өз кәсіпкерлеріміз де жетерлік. Біз неге соларға мүмкіндік бермейміз? Шет елден оқып келген қаншама азаматымыз, елде өз білімі мен қабілетін көрсете алмай, шетелге кетіп жатыр. Неге соларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бермейміз?

– Нақты сауатты салиқалы оппозиция қалыптаспай отыр.

– Біздің елде салиқалы оппозицияға мүмкіндік берілді ме? Жақында ғана белгілі кәсіпкер Болат Әбілов «Біздің таңдау» партиясын құрудан бас тартқанын мәлімдеді. Себебі ол партияны тіркемей қойды. Ал оны қазіргі Президент Қ. Тоқаев білмейді дейсіз ба? Білгенде қалай. Ал Болат Әбілов танымал экономист, заңгерлерді тартқысы келді. Көбісі келісті, бірақ олар басын көрсете алмайды. Себебі бізде шешім қабылдайтын кімдер? Кешегі Н. Назарбаевтың ұры-қары шәкірттері.

– Енді жағдайды жөндеу үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Бұл ахуалдан қалай шығамыз?

– Меніңше, біздің биліктің өзі сондай жағдай тудырып отыр. Бізде «Қаңтар» қайталануы әбден мүмкін. Мен жұртты наразылыққа шақырмаймын. Бірақ, «жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, егер «Қаңтар» қайталанса, биліктің халі мүшкіл болары хақ. Одан басқа жол қалмаған да шығар. Билік халықтың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарына басқаша мүмкіндік қалдырмай отыр.

-Енді тағы бір мәселе, біз Еуразиялық экономикалық одақтамыз ғой. Кеңес Одағы кезінде кеденнен түскен түсімдердің 7% келетін болса, қазір Қазақстанға одан да төмен түседі. Қазір саяси жағдайды пайдаланып, одан шығып кетуге бола ма?

– Қазақтың мақал-мәтелдерінің маңызы өте терең екенін қазіргі жағдай көрсетіп отыр. Дана қазақ «күшік күнінде көп таланған төбет қасқыр алмайды» дейді. Ел басында кім отыр?! Кремльдің алдында «ләббай, тақсыр!» деп қос аяқтап тұратын сондай төбеттер отыр. Ұлт, ел намысын жоғары ұстайтын азамат отырса, ешкімге жалтақтамай ұлт мүддесін қорғайтын еді.

Ресей туысқан Украинаға ешбір негізсіз бас салды. Бір жарым жылдан бері қоятын емес. Ол қазір жаралы аюға ұқсайды. Ал біздің жаралы аюға қарсы тұратын қабілетіміз бар ма? Ресейдегі режим ауыспай, бізге де тыныштық жоқ. Жаралы аю ашуын әлсізден ала салуы мүмкін. Мен ұлтшылмын. Мен Ресейді де, басқаны да жек көрмеймін. Бірақ жүрегімді ауыртатыны – өз елімнің жағдайы.

– Украинада соғыс басталғанда, Батыс мемлекеттері Ресейдің газына тәуелді екенін сезінді. Мен өзім Англияда болдым, біз кетерде энергия бағасы 4 есе қымбаттады. Олар балама көздерді іздеп жатты. Кезінде Баку-Тбилиси-Джейхан тасымалдайтын  құбырының тоқтап қалғанын білерсіз. Президент Қ. Тоқаев бұл мәселенің шешімін қайтадан жандандыруды көздеп отыр. Бұл әрекет іске асады деп ойлайсыз ба? Біз үшін де үлкен мүмкіндік болайын деп тұр.

– Соңғы уақытта шығып жатқан жаңалыққа қарағанда, Ресейді айналып өтетін теңіз арқылы мұнай экспортын ұлғайтып жатқанға ұқсайды. Оның шын-өтірігін мен айта алмаймын. Теңіз мұнай кенішін игеріп жүрген «Шеврон» компаниясы  өнімін экспорттау ісінде Ресеймен де, Қазақстанмен де ақылдаспайды. Одан біз қанша пайда табатымызды білмеймін. Өткен ғасырдың 1996 жылынан бері Қазақстаннан сыртқа экспортталатын мұнайдың әр баррелі әлі күнге дейін 12 доллармен сатылады. Сондықтан ең әуелі сол кездегі келісім шарттарды қайта қараудан бастау керек.

– Әңгімеңізге рахмет! 

Әңгімелескен Есенгүл Кәпқызы, 

Мәтінін түсіргендер Әдемі Ғазизова, Назерке Базарбек

Minber.kz сайты