АЛАШ, ЖЕЛТОҚСАН, ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМДАР» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

8 желтоқсанда Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде «АЛАШ, ЖЕЛТОҚСАН, ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМДАР» атты кездесу кеші өтті. 1937 жылы 8 желтоқсан ату жазасына кесілген Ахмет Байтұрсынұлын және желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды еске алу мақсатында шараға қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет, саясаттанушы Дос Көшім, желтоқсан ардагері Бейсенғазы Нүкен, «Желтоқсан» қоғамдық ұйымының төрағасы Серікбек Жандыбай қатысып, «Алаш арыстары» туралы және желтоқсан көтерілісі кезіндегі естеліктерімен бөлісті.