Қазақстандағы мемлекеттік астық пен ет дайындау саясаты және шаруалар көтерілістері
Қ.С. Алдажұманов, Е.И. Стамшалов. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы.
Мақалада 1929–1932 жылдардағы Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің себептерінің бірі саналатын мемлекеттік астық және ет дайындау науқандарының жүргізілу механизмдері мен салдары зерттелген. Астық және ет дайындау науқандарының экономикалық мәні, аграрлық саланың дамуына әсері және кеңес өкіметінің күштеу әдістері архив құжаттары негізінде талданған. Отырықшы, жартылай көшпелі округтер бойынша дайындау науқандарының шаруаларды меншіктен айырудағы тәсілдері шаруалар наразылығын туғызғаны, ет өнімдерін контрактациялаудың кері әсері жан-жақты қарастырылған. Қазақстандағы партия, кеңес, тергеу-сот органдарының шаруаларға қарсы репрессиясы нақты деректер негізінде баяндалған.