ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. Энциклопедия. 2-том. ӨМІРІ МЕН ОРТАСЫ.

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. Энциклопедия. 2-том. ӨМІРІ МЕН ОРТАСЫ. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. – 768 бет. Жауапты редакторы: Ғ. Әнес
Еліміздің рухани тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, әрі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазакстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының (1939 – 2015) каламынан туған мол мұрасы келешекте тек туған халқының ғана емес, күллі адамзат қауымының асыл қазынасына айналып, жаһандық өркениет қорына олжа салары сөзсіз.

Қолдарыңыздағы кітапта тарлан тұлға, дарабоз дарынның ғұмыр жолы мен оның айналасын қаумалаған өзге де қазақ руханиятының шоқ жұлдыздары – «алпысыншы жылдықтар» хақында келелі әңгіме козғалып, заманауи талдау жасалады.