Әбсадық Алмасбек. Серт: Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметі мен шығармашылығының беймәлім деректері
Әбсадық Алмасбек. Серт: Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметі мен шығармашылығының беймәлім деректері. Монографиялық зерттеу. Алматы: «Арыс» баспасы, 2022. – 232 б.
Монографиялық зерттеу ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының Алаш автономиясы құрылғанға дейінгі ғұмырнамалық бел-белестерін отандық және шетелдік тың мұрағаттық деректер, тарихи жазбалар және өлкетанушылық мағлұматтар негізінде зерделейді. Ақынның ағартушылық мазмұндағы «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер жинағының қазақ қоғамының оқу-ағарту ісі мен әлеуметтік ой танымын тереңдетудегі мән-маңызы жаңа танымдармен толықтырылады.
Ғылыми-зерттеу қалың оқырман талғамынын телегей теңіздей кең айдынында желкен түзей алатын жеңіл тілмен жазылып, көңілге конымды түрлі слайд, кескіндеме, архив материалдары мен тарихи деректердің түпнұсқалық көшірмелерімен көмкерілген.