Уәли Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
Уәли Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері: монография / Нұргелді Макажанұлы Уәли. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2021 ж. – 192 б.
Монографияда графика, орфография мәселелеріне қатысты ғылыми-теориялық зерттеу ұсынылған. Графика тарауында дыбыс, әріп, фонема, графема ұғымдарының аражігі лингвистикалық заңдылықтарға сәйкес анықталған. Орфография тарауында жазу нормаларына қатысты қазақ тіліндегі басты қиындықтарды шешудің жолдары мен тәсілдері берілген, қазақ орфографиясының негізгі принциптеріне жіті зерттеу жүргізілген. Казак емлесінің құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістерге талдау жасалған. Жаңа латыннегізді әліпби бойынша қазақ орфографиясын оңтайландырудың жолдары және қазақ емле ережелерінің ғылыми негіздемесі көрсетілген.