ТАЙЫР ЖОМАРТБАЕВ. ШЫҒАРМАЛАРЫ

ЖОМАРТБАЕВ Т. Шығармалары: Өлеңдері мен роман/Кұраст. Т.Б. Қабышев. Алматы: «Арыс» баспасы, 2023. — 208 бет.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ғұмыр кешкен, ағартушылық ағымның көрнекті тұлғасы, Абайдың ақындық мектебі дәстүрінде тәрбиеленген, қазақтың алғашқы педагогтарының бірі, саяси қуғын-сүргін құрбаны Тайыр Жомартбаевтың (1884 — 1937) шығармалары көпшілік наза-рына ұсынылып отыр.
Жинаққа қаламгердің 1912 жылы Семей қаласында жарық көрген «Балаларға жеміс» және «Қыз көрелік» кітаптары мен кеңес уақытында түрлі әдеби жинақтарға енген туындылары топтастырылған. Сондай-ақ, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы кітапханасының қолжазбалар қорларынан алынған және ағартушы ақынның балалары мен немере інісі Ербосын Хасенұлының, шәкірті Есентай Бердіұлының ақын Тайыр туралы естеліктеріндегі деректер мен жаңадан табылған еңбектері алғаш рет жарияланып отыр. Т. Жомартбаевтың өмірі мен шығармашылығы жинақ соңындағы әдебиет зерттеушісі Талғат Қабышевтың очеркінде жан-жақты баяндалады.

Кітап жалпы оқырман қауымға, қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға арналған.