Қарамендина М. Қазақ халқының таңбалары мен ұрандары
Қарамендина М. Қазақ халқының таңбалары мен ұрандары. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. — 232 бет.
Еңбек қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандарына арналған. Ұрандар мең таңбалар ру-тайпаның елдік дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтаудың үлкен этникалық кұралы болған. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі қоғамдағы таңбалардың мәні, пайда болуы мен даму жолы, атқарған кызметі, сонымен қатар қазақтың ұрандары мен таңбаларының жүйесі, оларды тарихи-этнографиялық тұрғыдан қарастыру — еңбектің нысаны болып табылады. Ру-тайпа ұрандары мен ен-таңбалары тамыры тереңде жатқан ұлттық сипаттың бірі екендігі әр жерде айтылып жүргенімен олардың тілдегі атаулары, таңбалардың сыртқы көрінісі мен ішкі мазмұны дәл осы еңбекте алғаш рет әрі кең түрде айтылып отыр. Көшпелі коғамдағы таңбалардың киелі әріптік әрі ру қорғаушысы ретіндегі кызметінің тұжырымдалуы, оның қоғамдағы негізгі мәні зерделенуі, казақтың таңбалары мен ұрандарының бірізге түсіріліп жүйеленуі, басқа салалармен байланыста қарастырылуы да жаңашылдықтың бірі.
Еңбек тарихшылар мен әдебиетшілерге, жалпы оқырман кауымға арналған.