Мусин Ш. Өлең. Өмір. Өнер

Мусин Ш. Өлең. Өмір. Өнер (жырлары мен жазбалары). Тар заманның тарланы (Ш. Мусин туралы мақалалар, естеліктер, өлең-арнаулар). Толықтырылған 2-басылымы. — Алматы: «Арыс», 2013. — 280 бет + 16 бет түрлі түсті жапсырма.

Екі бөлімнен тұратын бұл кітапқа белгілі өнер кайраткері, актер, ақын, Қазақстанның Халық артисі Шахан Мусиннің (1913 — 1999) тағдыр талқанын тарта жүріп жазған жырлары және ол туралы мақалалар, өлең-арнаулар, оның әріптестерінің, көзкөрген ақын-жазушылардың, замандастарының естеліктері топтастырылып отыр.
Ақжарда туып, қиыр Колымада азапты ғұмыр кешкен, өмірдің тауқыметін жастай көрсе де сағы сынбаған, тарих көшінің зауалды тұсының қасіретін бір кісідей кешкен тұлғаның, өршіл өнер иесінің өмір жолы кімді де болса таңдандырары хақ.