Home›"Арыс" баспасы кітаптары›Қазақстан шөлдеріндегі егіншілік-мал шаруашылығы қоғамдарының арасындағы ежелгі жерді пайдаланудың орнықтылығы
Қазақстан шөлдеріндегі егіншілік-мал шаруашылығы қоғамдарының арасындағы ежелгі жерді пайдаланудың орнықтылығы
22.01.2024, 15:28
Қазақстан шөлдеріндегі егіншілік-мал шаруашылығы қоғамдарының арасындағы ежелгі жерді пайдаланудың орнықтылығы. Кітап 1. / Сала Ренато, Деом Жан Марк, Картаева Т.Е., Терекбаева Ж.М., Баудиярова Қ.Б., Бей- сегулова А.Қ., Сапатаев С.А., Есенаманова А.С., Осмонали Б.Б., Құсманғазинов Ә. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2023. — 368 б.
Ғылыми кітапта геоархеолог, палеоботаник, этнограф ғалымдардың Шу-Іле, Солтүстік Балхаш, Сырдария-Арал өңірінің егіншілік-мал шаруашылығы ланшафттарында жүргізілген зерттеулері негізінде жазылған еңбектер берілді. Дәстүрлі мал шаруашылығы, егіншілік, қосалқы кәсіп түрлерінен, табиғатты дәстүрлі игеру, табиғат пен ғаламға қатысты білімдер мен дағдылар жүйесінен мәлімет беретін деректер дәстүрлі қазақ қоғамының келбетін қазіргі кезеңдегі тұрмыс тіршілікпен салыстыруға негіз болады. Сырдария — Арал өңіріндегі жүргізілген этнографиялық экспедиция барысында «дерек беруші кісілерден» жиналған мәліметтер негізінде «жолжазба күнделігі» жасалды. Этноэкспедиция фотоальбомы зерттеу аймағындағы далалық этнографиялық ескерткіштер жэне дәстүрлі шаруашылық, кәсіп түрлерінің сақталуымен таныстырады.
Ғылыми кітап археолог, этнограф, өлкетанушы ғалымдарға, музей жэне ескерткіш- терді қорғау бағытындағы қызметкерлерге, элеуметтану-ғуманитарлық бағыттарда- ғы жас ғалымдарға арналған.