Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді!
1938 жылдың 26 ақпанында, яғни бір күннің ішінде қазақтың бірталай Алаш қайраткерлері көз жұмған. Солардың ішінде Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Асфендияр Кенжин, Сәлемхат Күленов, Сәлімгерей Қаратілеуов, Әзімбай Лекеров, Бейімбет Майлин, Асхат Сейдалин, Жұмат Шанин бар 37 адам атылған. Бұлардың қатарында ақын, драмашы, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіровтың биыл 130 жылдығы тойланады.
Осыған орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіровтың әдеби-мемориалды музейі «Ілияс ақынның мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеге ақынның өзі тұтынған заттары қолжазбалары қойылды. Көрмеге Жаңалық ауылының тұрғындары мен Талғар ауданына қарасты мектептердің оқушылары келіп көрме соңынан ақынның өмір жолына арналған «Ілияс» деректі фильмі көрсетілді.