Жетісудағы мүлікті тәркілеу тарихынан: Қастек ауданы, 1928 жыл

Жетісудағы мүлікті тәркілеу тарихынан: Қастек ауданы, 1928 жыл /Құжаттар жинағы/ — Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. — 344 бет. Құрастырушылар: Ш.Б. Тілеубаев, Р.Е. Оразов,
А.С. Жунусова, Р.М. Қалдыбекова.

Ұсынылып отырған құжаттар жинағы Жетісу губерниясы Алматы округіне қарасты Қастек ауданында 1928 жылы жүргізілген байлардың мал-мүлкін тәркілеу, оларды жер аудару сияқты т.б. сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси науқаннан мол мәлімет беретін дәйекті тарихи құжаттардан жинақталған. Құжаттар жинағы ғылыми орта мен мүдделі зерттеушілер және қалың оқырман қауымға қолжетімді болу үшін жинақталып жарияланып отыр.