Қалиев С. Емдік рецепттер энциклопедиясы

Қалиев С. Емдік рецепттер энциклопедиясы. Қазақ емінің рецепттері мен Тибет медицинасыныц негіздері / Сейітқамза Қалиев. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. — 496 бет + 24-бет түрлі-түсті суретті жапсырма.

Қазіргі ғылыми медицинаның қайнар көзі халық емінің терең қойнауында жатыр. Халық емі — ғасырлар бойы тірнектеп жиналған адамдардың тәжірибесі. Қолдарыңыздағы кітаптың авторы осы тәжірибені жиырма жылдан бері пайдаланып, түрлі сырқат, ауруларды емдеп келеді. Белгілі тамыршы, емші өзінің ұзақ жылғы іс-тәжірибесін де жинақтап, осы энциклопедиялық анықтамалыққа енгізіп отыр. Сонымен қатар, автор Тибет медицинасының бәйтерегі — «Чжуд-Ши» кітабының кей тарауларын қазақ тіліне тұңғыш рет аударып, қалың оқырман қауымға ілтипатпен ұсынды.